Жаңалықтар

05 шілде, 2018

Астанада ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттады

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен Елорданың 20 жылдығына орай ҚР ҚК ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М. Майкеев ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында генерал-лейтенант Н. Поспелов, авиация генерал-лейтенанты А. Сорокин, авиация генерал-майорлары Ж. Сәндібаев, А. Жұманов, генерал-майорлар А. Ерниязов, Е. Оразов, В. Шацков полковниктер О. Жандосов, С. Бегіжанов, М. Ботин.

«Елбасының стратегиялық пайымы, көрегенділігі мен жасампаз күшінің арқасында Еуразияның қақ ортасында қысқа уақыт ішінде Қазақстанның күші мен тәуелсіздігін бейнелейтін қайталанбас, заманауи мегаполис, бірегей елорда пайда болды. Бүгінде әлемдік қоғам жаңа астананың қалыптасуының қысқа уақыты ішінде оң өзгерістер, зор жетістіктер туралы таңданыспен айтады. Астана – қазақстандықтардың мақтанышы, еліміздің егемендігінің символы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық өсуінің символы. Құрметті ардагерлер, менің шын көңілмен айтылған құттықтауымды қабыл алыңыздар. Бұл мерекелік күні  Сіздерге бейбітшілік, жақсылық, амандық тілеймін», - деді өзінің сөз сөйлеуінде генерал-лейтенант М. Майкеев.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама