Жаңалықтар

05 шілде, 2018

Алғаш рет Қазақстанда инженерлік-техникалық құрам апаттық қонудан кейін ұшақты қалпына келтірді

21751 әскери бөлімі авиациялық базасы инженерлік-техникалық құрамының кәсіпқойлығы 2016 жылы апатқа ұшыраған Су-27 жауынгерлік жойғышын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта авиациялық техниканы қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс көлемін орындағаннан кейін Су-27 жойғышы Қазақстан Әскери-әуе күштеріне берілді. Қалпына келтірілгеннен кейін алғашқы сәтті ұшуды ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов жүзеге асырды. Соңғы жылдар ішінде еліміздің Әскери-әуе күштері 4++ Су-30СМ үлгісіндегі заманауи жойғыштармен, С-295 әскери-көлік ұшақтарымен, ЕС-145, Ми-171Ш тікұшақтарымен, Ми-35М көліктік жауынгерлік тікұшақтармен толыққанын айта кету қажет. ӘҚК ӘӘК экипаждары командирлерінің ұшу дайындығы деңгейі өткен бес жыл ішінде 5 %-ға ұлғайды. Бұл ретте жаңа және жаңартылған авиациялық техника іске қосылған сәттен бастап бір ұшқыштың орташа ұшып өтуі  50 сағаттан асып түсті. Жыл сайын әскери қызметшілердің дайындық деңгейін арттыру, кәсіби дайындықты жетілдіру мақсатында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК ұшқыштары Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, армия халықаралық ойындары, еліміздің әскери және жауынгерлік парадтары шеңберінде өткізілетін оқу-жаттығуларға белсене қатысады.  2018 жылғы  Жауынгерлік парадқа әскери ұшқыштардың қатысуы  олардың кәсіби машықтары мен шеберліктерінің айқын көрсетіліміне айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама