Жаңалықтар

04 шілде, 2018

Еліміздің әскери институттарының үздік түлектері ҚР Президентінің қолынан офицерлік иықбелгі алды

Елорданың 20 жылдығы қарсаңында «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде Мемлекеттік туды көтеру және Елбасы Н. Назарбаевтың еліміздің әскери ЖОО-лардың түлектеріне офицерлік погондарды тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан өздерінің алғашқы офицерлік шендерін Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының түлектері Олжас Қуандықов, Алмас Көшербаев, Сұлтан Аманжолов пен Дарын Қайратов алды.    «Бүгін мен үшін ерекше күн. Жоғарғы Бас қолбасшыныңы қолынан офицерлік шен алу әр әскери қызметшініңі арманы. Тәуелсіз Қазақстаныма, оның халқы мен Президентіне лайықты қызмет етуге ант етемін және маған білдірген құрмет пен Отан қорғау ісінде артылған сенімді ақтауға барлық күш-жігерімді саламын», - деді салтанатты шара барысында Құрлық әскерлері Әскери институтының түлегі Олжас Қуандықов. Ресми рәсімнің жалғасы ретінде ҚР Қорғаныс министрі алты үздік бітірушіге погон табыс етті. Олардың арасында Құрлық әскерлері Әскери институтының түлектері Батырхан Қадыров, Сұлтанбек Қашқаров пен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының түлектері Расул Алмасов, Өмірсерік Құрбанбек, Әлішер Ұлубаев пен ӘҚК Әскери институтының түлегі Дархан Шәукебай. Елорда күнін мерекелеу қарсаңында еліміздің әскери ЖОО-лардың үздік түлектерін марапаттау дәстүрі 2009 жылы бастау алғанын естеріңізге сала кетейік. Қазіргі уақытта барлық офицерлер Қарулы Күштерді дамыту және еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту ісіне өз үлестерін қоса отырып, Қорғаныс министрлігінің әртүрлі әскери бөлімшелерінде қызметтерін ойдағыдай өткеруде.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама