Жаңалықтар

04 шілде, 2018

«Астана» ӨңҚ-да үздік футбол командасын таңдады

«Астана» өңірлік қолбасшылығында Елорданың 20 жылдығына орайластырылған қолбасшының жүлдесі үшін әскери бөлімдер арасында шағын футболдан чемпионат өткізілді.

Сайысқа сегіз команда қатысты. Чемпионаттың негізгі мақсаты салауатты және спорттық өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ өңірді ҚР ҚК Спартакиадасында намысын қорғайтын «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрамасына кандидаттарды іріктеу болып табылады. «Футбол – командалық спорт түрі. Ол ұжымды жұмылдырып, шыдамдылықты, төзімділікті, командалық рухты шыңдайды, ойыншылардың өзара іс-қимыл етуіне бағыттайды.  Осынау қасиеттер әскери қызметшілерге күнделікті қызметте қажет», - деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Мара Райымова. Ойын қорытындысы бойынша 31775 әскери бөлімінің командасы матч жеңімпазы атанды. 85510 әскери бөлімінің командасы екінші орынды еншілесе, 15619 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама