Жаңалықтар

13 маусым, 2018

Қарулы Күштерде үздік тіл шебері таңдалды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тілдердің үшбірлігі» мәдени жобасын іске асыру шеңберінде Қорғаныс министрлігінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білетін 21 мен 29 жастағы әскери қызметшілер арасында «Тіл шебері-2018» байқауы өтті.

Байқауды өткізу мақсаттары тіл мәдениетін арттыру және үш тілдікті танымал ету, сондай-ақ үш тілді жетік меңгерген жас әскери қызметшілерге қолдау көрсету және айқындау болып табылады. Конкурс үш кезеңнен тұрды. Таныстырылым, ұлттаным және өнертану.  Конкурсанттар тапсырманы ойдағыдай орындады.  Үш тілді білуден басқа Қазақстан тарихы, қазіргі заманғы өнер және мәдениет бойынша сауалдарға жауап берді. Әділқазылар жауаптардың жеделдігін, сапасы мен мазмұндылығын бағалады. ҚР ҚМ Кадет корпусының взвод командирі аға сержант Нарын Әшімов сайыс жеңімпазы атанды.  Екінші орынды ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бөлім бастығы капитан Жансая Омарова, үшінші орынды ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету орталығының бөлім офицері лейтенант Диас Өсербаев жеңіп алды.  

«Барлық қатысушылар тілді білу бойынша жақсы деңгей көрсетті. Конкурс мағұматқа толы болды және жоғары деңгейде өтті.  Келесі менің өнер көрсетуім республикалық деңгейде өтеді, онда еліміздің өзге мемлекеттік органдары арасында ҚР Қорғаныс министрлігінің намысын қорғайтын боламын», - деді «Тіл шебері-2018» байқауының жеңімпазы аға сержант Нарын Әшімов. Мемлекеттік тілді дамыту, ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері арасында қазақстандық патриотизмді нығайту тәрбие-идеологиялық жұмыста маңызды элемент болып табылатынын айта кетейік.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама