Жаңалықтар

08 маусым, 2018

Қарулы Күштердің офицерлері «Өзара іс-қимыл-2018» оқу-жаттығуы бойынша екінші штабтық келіссөздерге қатысты

ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен «Жауынгерлік бауырластық-2018» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілетін «Өзара іс-қимыл-2018» ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің әскери контингенттерімен командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындалу және оны өткізу мәселелері бойынша екінші штабтық келіссөздерге қатысты.

Штабтық келіссөздер барасында қатысушылар «Өзара іс-қимыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу ниетін, оқу-жаттығу басшылығы мен делдалдық аппараттың құрамын, қарулы жанжалды оқшаулау бойынша бірлескен операцияға дайындалу және өткізудің бүге-шігесін, тартылатын ұлттық контингенттердің жауынгерлік және сандық құрамын, сондай-ақ жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Ағымдағы жылы «Өзара іс-қимыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуы қазанда Қырғыз Республикасының аумағында өтеді. «Өзара іс-қимыл-2018» оқу-жаттығуының басты мақсаты ҰҚШҰ Ұжымдық жеден ден қою күштері құрамында Ұйымның мүше мемлекетерінің ұлттық контингенттерін бірлесіп жоспарлау және қолдану үлгілерін жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама