Жаңалықтар

30 мамыр, 2018

Курсанттар жауынгерлік атысты орындады

Құрлық әскерлері әскери институтының оқу-жаттығу орталығында ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда бөлімшелердің далалық ептілігі мен жинақылығын жетілдіру мақсатында 2-курс курсанттарымен взводтардың жауынгерлік атыстары ұйымдастырылған болатын.

Институттың оқу-жаттығу орталығында жауынгерлік атысты жүргізу үшін барлық қару түрінен: жердегі, әуедегі нысаналарға, жеке қорғаныс заттарын пайдалану арқылы жеке нысаналарға атуды жүргізу, түнгі көру құрылғыларын пайдалана отырып түнгі атысты жүргізу, сондай-ақ гранат лақтыруды қарастыра отырып, атысқа жағдай жасалған болатын.

Бұл сабақтар тактикалық даярлық, взводтың шабуылы және қорғанысы кезіндегі іс-қимыл, күндізгі және түнгі іс-қимыл тақырыптары бойынша жүргізілді. Взводтардың жауынгерлік атыстарын жүргізу кезінде тактикалық  дұрыс іс-қимыл, ұрыста қаруды ептілікпен және тиімді қолдана білу, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау назарға алынды.

«Жеке құраммен жауынгерлік атысты жүргізу кезеңінің алдында 10 оқу-жаттығу жерлеріне жоспарланған әдістемелік нұсқау беру сабақтары өткізілді. Взводтардың жауынгерлік атысы кезінде курсанттар взводтарды басқару және взводтардың ұрыстағы қорғанысы мен шабуылын жүргізу кезінде атыстан жақсы тәжірибе жинақтады», - деп Құрлық әскерлері әскери иснтитуты тактика кафедрасының аға оқытушысы полковник Арман Тәтібаев атап өтті.

Жоғары әскери оқу орындарының ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының қарамағына өткен сәтінен бастап болашақ офицерлердің практикалық жауынгерлік даярлығы айтарлықтай өзгергенін айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама