Жаңалықтар

30 мамыр, 2018

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлерінің жеке құрамымен жұмыс жөнінде Органдар басшылары комитетінің отырысы өтті

ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет Комитеттің кезекті отырысы өтті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қарулы Күштерінің жеке құрамымен жұмыс жөніндегі отырысқа органдардың делегациялары қатысты. Аталған отырыс барысында қатысушылар жан-жақты ақпараттық өзара іс-қимыл, 1941-1495 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде бірлескен жұмыстарды, шығармашылық ұжымдардың мәдени алмасуын, «Достастық жауынгері» және б. достас армиялар арасында Әскери-кәсіби шеберлік халықаралық конкурсын өткізу жөнінде бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

«Бүгін біз өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін біздің арамыздағы өзара іс-қимыл үдерісін дамытуға бағытталған бірқатар мәселелерді қарадық. Сонымен қатар, әр мемлекет өзінің ұлттық басымдылығына сүйене отырып, дербес жан-жақты іс-қимылды құрайтын осы секілді және басқа қатысу деңгейлерін айқындайды. Біздің достық кездесуіміз тұрақты түрде өткізіліп, еліміздің ынтымақтастығын әрі қарай дамытудың алтын діңгегі болады деген сенімдеміз», - деп генерал-майор Мұхамеджан Таласов атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша жалпы, өңірлік және ұлттық мүдделерді ескере отырып, жан-жақты серіктестік іс-қимылы шеңберінде әскери ынтымақтастық жүйесін дамытуға бағытталған шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама