Жаңалықтар

29 мамыр, 2018

Кадет корпусында үздік кадетті таңдады

Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында ауыспалы құрам арасында «Үздік кадет» конкурсы ұйымдастырылды және өткізілді.

Үздік кадетті анықтауға өткізілген конкурстың мақсаты жауапкершілік, жылдамдық, шыдамдылық сияқты қасиеттерге тәрбиелеу,  кәсіби даярлықты жетілдіру және кәсіби сержанттардың имиджін арттыру болып табылады. Конкурсқа қатысушылар тактика, оқ ату даярлығы, топография, байланыс, сондай-ақ дене даярлығы білімін сынап көрді. Конкурстың нәтижесі бойынша бірінші орынды кадет Ж. Тыныбек, екінші орынды М. Жаңабай және үшінші орынды кадет А. Дәулет иеленді.

«Мен үздік кадет конкурсында бірінші орын алғанымды мақтан тұтамын. Конкурс барысында практикалық және теориялық білімімізді көрсетіп, оны нығайта түстік. Барлық кадеттер үздік кадет атағына ие болу үшін бар күш-жігерін салды», - деп кадет Жанқуат Тыныбек өз ойымен бөлісті.

Бүгінде Кадет корпусы кәсіби сержанттарды даярлайтын негізгі орталық болып табылады. Кадет корпусының түлектері Қарулы Күштерде де, басқа да күштік құрылымдарда да сәтті қызмет атқарып жүр. Жыл сайын орта есеппен 1 500 жас қазақстандық оқуға тапсырады. Кадет корпусына жасы 17-ден асқан және 25 жасқа дейінгі жас азаматтар қабылданады. Кадет корпусында 1996 жылдан бастап барлығы 2800-ден астам кәсіби сержант дайындалған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде аумақтық қорғаныстан және алғашқы әскери даярлық пәнінен білім беретін оқытушы-ұйымдастырушылармен бірге әскери оқу орындарына түсу және оқыту мәселелері жөнінде кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама