Жаңалықтар

28 мамыр, 2018

Көктемде әскер қатарын толықтырған жастар әскери ант қабылдады

Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларына шақырылған төрт мыңнан астам мерзімді қызметтегі әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді.

Отан қорғаушыларды ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығы, ата-аналары мен туыстары олардың өміріндегі осынау атаулы күнмен құттықтады. Мерзімді қызметтегі әскерилер ант қабылдаған соң кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кіріседі. Жарты жылдан соң олар артиллерист, танкист, байланысшы, атқыш сияқты әскери мамандықтарға ие болып, бірыңғай, толыққанды Отан қорғаушы сапында тұрады. Жылдан жылға еліміздің түрлі өңірінен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына Егеменді елді қорғаудағы өздерінің қасиетті борышын орындау үшін жастар әскерге шақырылады.

Қазіргі уақытта армияға дене бітімі сымбатты, білімді, моральды тұрғыда берік жігіттер қызметке келуде. Олар даңқты жауынгерлік дәстүрдің лайықты ұрпағы және Қазақстан Респбликасына қырағы қызмет етудің үлгісі болары сөзсіз.

2018 жылды көктемгі әскерге шақыру барысында Қарулы Күштердің, басқа әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 17 мыңнан астам шақыру жасындағы азамат шақырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама