Жаңалықтар

28 мамыр, 2018

Қазақстанның Қарулы Күштерінде жазғы оқу кезеңіне дайындық іс-шаралары аяқталуға жақын

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында жазғы оқу кезеңіне дайындық іс-шаралары тәмамдалады

ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінде сапалы даярлық жасау мақсатында жазғы оқу кезеңінің тактикалық-саптық сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша нормативтік-құқықтық актілер әзірленді, қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне ауыстырудан жоспарлы жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ далалық жағдайларда сабақтар өткізу үшін материалдық оқу-жаттығу базалары және полигондар дайындалды.  Қазақстанның Қарулы Күштерінде аяқталған қысқы оқу кезеңі жауынгерлік даярлық іс-шараларының жоғары басымдылығымен сипатталады.

Қысқы оқу кезеңін бақылау тексерудің қорытындылары Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларында жеке құрамды оқыту деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда  айтарлықтай артқанын (үздік және жақсы бөлімшелер саны 40 пайызға артты) көрсетті.

 2018 жылғы 4-8 маусым кезеңдегі Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскерлердің жауынгерлік даярлық мәселелері бойынша тактикалық-саптық даярлықтар өтетінін айта кеткен жөн. Полигондар мен оқу-жаттығу орындарында жауынгерлік даярлық үдерісінде әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және қауіпсіздік шараларын зерделеуден теориялық және практикалық сабақтарды өткізу жоспарланған.

Бұдан өзге, жазғы оқу кезеңінде «АрХО-2018» Халықаралық конкурс кезеңдерін өткізу жоспарланып отыр, сондай-ақ жауынгерлік даярлықтағы маңызды іс-шаралардың бірі 2018 жылғы қыркүйекте өтетін «Батыс-2018» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы болмақ.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама