Жаңалықтар

28 мамыр, 2018

Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары IV Халықаралық олимпиаданың қола жүлдегерлері атанды

Мәскеуде полковник Ермек Елубаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық  әскерлері әскери институтының командасы дене даярлығы, далалық ептілік, терең ой-сана мен әскери-кәсіби даярлық пәні бойынша үздік білім деңгейін көрсетіп, курсанттар әскери-кәсіби даярлықтан IV Халықаралық олимпиадада үшінші орын алды.

Халықаралық олимпадаға Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей мен Өзбекстанның жоғары әскери оқу орнының курсанттарынан құралған 42 мықты команда қатысты. Бұл Олимпиада ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлерінің ұсыныстарына сәйкес өткізіледі. Халықаралық олимпиаданың мақсаты – әскери кадрлардың даярлық сапасын арттыру, олардың оқыту әдістемесін дамыту, сондай-ақ  профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру,  өз қағидасында тұру атмосферасын және жоғары әскери білім беру мекемелері арасында салауатты бәсекелестік құру. Олимпиада төрт бағытта: тактикалық және тактикалық арнайы даярлық командалық жарыстар түрінде өтті. Оған, «Оқу-жаттығуда ауыр – ұрыста жеңіл» «Химиялық қорғаныс» және «Бағдарлау»  практикалық конкурстары да кірді.  Курсанттар Халықаралық гуманитарлық құқық пен медициналық даярлықтан гуманитарлық миссияны орындады, оқ ату даярлығынан – «Атыс шабуылы», «Дуэль», «Мерген» практикалық конкурсы мен «Қару-жарақ» теориялық конкурсында сайысты.

Бұдан өзге, конкурсанттар әскери-спорттық даярлықтан «Игеру», «Жолақ» және «Армия биатлоны» конкурстарына сайысты. Жалпы командалық есепте Мәскеу жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанттары жеңімпаз атанса, ал екінші жүлдені Чирчик жоғары танктік командалық-инженерлік училищесінің командасы иеленді. «Әскери-кәсіби даярлық – офицердің мансаптық және кәсіби өсуіндегі әскери қызметшінің білім негізі, баспалдағы.  Әскери-кәсіби даярлықтан курсанттардың Халықаралық олимпиадаға қатысуы оқудағылардың, түрлі ауқымда қызмет атақаратын болашақ мамандардың  дене шыдамдылығын, дербестігін, белсенділігін, бастамашылдығын дамытуға ықпал етеді», - деп команда басшысы полковник Ермек Елубаев атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама