Жаңалықтар

17 мамыр, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Атырау және Ақтау мектептерінде ерлік сабақтарын өткізді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері әскери-патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында Атырау және Ақтау мектептерінде ерлік сабақтарын өткізді.

Атырау, Ақтау қалалары, сондай-ақ Бейнеу елді мекенінің жалпы білім беру мекемелерінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысқан сыныптық сабақтар «Мен – елімнің патриотымын» атты ұранмен өтті.  Оқушылармен әңгімелесуге «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері мен сержанттары келді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан ерлік сабақтарын өткізуге 30-дан астам офицер мен сержант қатысты. Осы өңірге қарайтын жалпы білім беру мекемелерінде оқу жылының басы мен соңында осындай сабақтарды өткізу дәстүрге айналған.

 «Әлем тану мен ой өрістің дамуы, адами құндылықтарға қатынасы мен болашақ азаматтың негізі дәл осы мектеп қабырғасынан бастау алады. Мектеп пен отбасы – нағыз патриоттардың қалыптасуына негіз болып, осындай сабақтар қазақстандық жастардың қалыптасуы және жетілуінде маңызды элемент болып табылады. Ел қауіпсіздігі үшін әскеріміз қаншалықты маңызды болса, біздің оларға деген қарым-қатынасымыз да соншалықты маңызды болу тиіс», - деп 41433 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Қанат Итібаев атап өтті.

Сабақ барысында әскери қызметшілер оқушыларға әр жылдардағы қазақстандықтардың ерлігі, Қарулы Күштердің іс-қимылы туралы әңгімелесіп, Отанға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілік жөнінде айтып берді. Бұдан өзге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери қызмет жөнінде бейне ролик көрсетілді. Сабақ соңында әскерилер оқушылармен бірге соңғы кезде қазақстандық әскердің сүйікті әніне айналған «Мен қазақпын» әнін орындады.

Аталған сабақтар уақыттың және патриоттық тәрбиенің кең ауқымды талабы екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру және патриоттық рухты көтеру іс-шараның бірінші кезектегі мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама