Жаңалықтар

17 мамыр, 2018

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілерге арналған ескерткіш ашылды

Қазақстан Қарулы Күштерінің аумағындағы жалғыз таулы-егерлік бөлімшеде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған рәсімді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов басқарды. Полковник Айдос Дамаев басқарған 91678 әскери бөлімінің жеке құрамы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылғы әскери оркестрінің орындауындағы маршпен ілесіп әскери бөлімнің алаңынан салтанатты сап түзеп өтті. Әскери қызметшілермен бірге таулы-егерлік бөлімшенің әскери қызметшілеріне қолдау көрсетіп Жуалы ауданындағы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері қатар сап түзеп өтті. 

Қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен әйелдері үшін ең қымбаты және маңыздысы жауынгерлердің қатысуы және олардың адамгершілік тұрғыда қолдау көрсетуі еді. Қайғылы оқиға орын алған кезден бастап қазіргі дейін әскери бөлімнің басшылығы олардың ата-аналарымен тығыз байланысты жалғастырып келеді. Туыстарының айтуынша ұлдарының бірге қызмет атқарған әріптестерінің арқасында орны толмас қайғыдан серпіліп, үлкен әскери отбасының  мүшелеріне айналды.

Әскери бөлімнің аумағында ескерткіштің ашылуы біріктіру мен нығайтуға, қаза болған әскери қызметшілер жөнінде естелік тің және қазір және болашақта әскери қызметші буынның жүректерінде мәңгі қалатынына деген сенімге жасалған тағы бір қадам болды.

«Әрине, ұлдарымызды қайтара алмаймыз, дегенмен әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметшілері қаза болғандарды еске алуға құрметпен қарағаны біздің жанымызға жылу сыйлайды. Сол себепті бүгін ескерткіш ашылды, сол себептен бүгін бөлім бізді шақырды және бізбен тығыз байланысты ұдайы қолдау үстінде, әскери қызметшілер менің ұлым мен басқа да қаза болған азаматтардың есімі есте қалатынын дәлелдеуде», - деп аға лейтенант Әлішер Мошабаевтың анасы – Ғалия Мошабаева ойымен бөлісті.

Ескерткіштің ашылуына Қызылорда облысынан Жуалы ауданына келген кіші сержант Мақсат Қыдырбаевтың анасы да әскери бөлім басшылығына өз алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама