Жаңалықтар

17 мамыр, 2018

ҚР Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті

Астанада қысқы оқу кезеңінің қорытындысы және жазғы оқу кезеңінің міндеттерін анықтау жөнінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ҚР Бас әскери прокуроры әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың басшылық құрамы, ҚМ мен ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары қатысты. Бейне байланыс нысанында ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтардың және әскер тектерінің қолбасшылары, әскери оқу орындарының бастықтары, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, құрамалар, әскери бөлімдер мен аймақтық қорғаныс бөлімшелерінің командирлері қатысты.

 Аталған отырыста Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлық жағдайы мен әскерлердің жауынгерлік қабілеті, әскери объектілердің жай-күйі мен инфрақұрылымдардың қамтамасыз етілуі, қаржы-шаруашылық қызмет жағдайларының және әскери ғылымды дамытудың негізгі бағыттары талқыланған болатын. Бұдан өзге, Қарулы Күштердің қысқы оқу кезеңіндегі әскери тәртіп, құқық тәртібі мен әскери қызметтің қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында қорғаныс ведомствасының басшысы басқару органдарының жұмылдыру және жауынгерлік даярлығын қолдау,  әскери қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғанысты қамтамасыз ету жағдайында ағымдағы жылы әскерлер даярлығын әскерлердің деңгейін күшейтуге шоғырландыруды белгіледі.

Кеңес қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі үздік нәтиже көрсеткен үздік взвод және рота командирлерін мадақтады. Жауынгерлік даярлықтағы үздік көрсеткіштері, әскери борышын үлгілі атқарғаны үшін және 2018 оқу жылының қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен майор А.Ш. Сафаров, капитан Н.С. Жаманғарин, аға лейтенант Ж.А. Жахин, лейтенант С.О. Өмірбеков, ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен  3-сыныпты сержант З.Б. Мақышев марапатталып, аға лейтенант  Ж.А. Абылханов «капитан» әскери атағын кезектен тыс алды.

«Мерген батальон» жарысында үздік көрсеткіштері үшін І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен үздік батальон (дивизион) командирі аталымында майор Е.З. Бекбаев, үздік рота командирі аталымы бойынша аға лейтенант Ф.Н.Қабиев, үздік взвод командирі аталымы бойынша лейтенант С.Б. Судьянов марапатталды, ал ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен үздік батальон (дивизион) аталымында сержант  3-сыныпты сержант Н.К. Қорабаев пен Б.К. Әлиев марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама