Жаңалықтар

16 мамыр, 2018

Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған ХХІІ халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Алматы қаласындағы АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, № 1 Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан жиырма екінші халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Жарыс дәстүрлі түрде өткізіліп, халықаралық мәртебеге ие болған. Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 150 боксшы қатысып, бірнеше күн бойы мықтылар күш сынасты.

 «Айтулы турнирді өткізу – бокс әлеміндегі маңызды оқиға. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу турнирі отандық боксшылар үшін кеңінен танымал болған, қазіргі спорт күнтізбесіндегі ірі жарыстардың бірі», - деп Алматы қаласы Бокс федерациясының вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері,әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Михаил Юрченко атап өтті.

 Турнир қорытындысы бойынша АОСК-нің бокстан штаттық команда спортшысы Сапарбай Айдаров үздік боксшы деп танылды, Ерлан Ғазизов үздік қазы атанды, ал Қырғызстанның спортшысы Асылбек Аманқұлұлы «жеңіске жетудегі ерік-күші» аталымын алды. Өз салмақ дәрежелерінде турнир жеңімпаздары атанғандар: Берікбаев Мардан(АОСК, 49 кг), Мұзапаров Әнуар (АОСК, 52 кг), Кучкаров Абдулло (Өзбекстан, 56 кг), Сиқымбаев Айдын (ОҚО, 60 кг), Эрдэнэбат Цэндбаатар (Моңғолия, 64 кг), Өміртай Нұрхат (Қарағанды облысы, 69 кг), Айдаров Сапарбай (АОСК, 75 кг), Сабыров Нұрлан (Маңғыстау облысы, 81 кг), Сандрахманов Мадияр (Өзбекстан, 91 кг) және Фоминых Дмитрий (Ресей Федерациясы, 91 кг жоғары).

 «Бүгінгі жекпе-жегім ұнады, мұқият дайындалып, жеңіске жетуге деген сенімім нық болатын. Қарсыластарым да мықты болды, ұрыс та күрделі еді. Біздің команданы үздік сайыс көрсеткендері үшін құттықтағым келеді. Қолдау көрсеткен жаттықтырушыға және командаға, сондай-ақ барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін!», - деді турнирдің «үздік боксшысы», 75 салмақ дәрежесіндегі жарыс жеңімпазы, Армия орталық спорт клубының спортшысы Айдаров Сапарбай.

Жарыстың нәтижелері бойынша жеңімпаздар Астанада ағымдағы жылдың мамырында өтетін ҚР Президентінің кубогына және Индонезияда 18 тамыздан 12 қыркүйек аралығында өтетін турнирге  қатысуға кандидаттар ретінде қарастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама