Жаңалықтар

15 мамыр, 2018

Аты аңызға айналған армия футбол командасы қайта тұғырына қонды

Турнир кестесінің рейтингіне сәйкес армияның футбол ойыншылары 17 ұпай жинап бірінші орынды иеленді, екінші орынға 16 ұпаймен алматылық «Қайрат» жастар футбол командасы табан тіреген болса, ал «Астана» жастар клубының ойыншылары 15 ұпаймен үздік үштікті тұйықтады.

Екі жыл өткен соң армияның футбол командасы үздік позициядан көрінгендер Қазақстан біріншілігінде екінші лига команадалары арасында ойнайтын болады. Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Расул Мейірманов әскери-қолданбалы және олимпиадалық спорт түрлерінен өзге армияда жастар арасында анағұрлым танымал болып, дамып келе жатқан спорт түрін атап өтті. «Осы жылдың басында ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында армияның намысын қорғайтын «ЦСКА» футбол командасын қайта жаңғырттық. Бүгінгі күні жастар командалары арасында армиялықтар көш бастап тұр. Жігіттер көк алаңда өз шеберліктерін мен кәсіби ойын көрсетіп жақсы нәтижелер көрсетуде. Оқу-жаттықтыру жиыны барысында қойылған міндеттер жүз пайыз орындалды», - деді Спорт комитетінің төрағасы – АОСК бастығы.

Жалпы команда сегіз кездесу өткізді, оның алтауын жеңіспен аяқтап, екі ойында тең түсті. АОСК спортшыларының соңғы кездесуінде «ЦСКА» командасы Оралдық «Ақжайық-М» футбол командасын 2:0 есебімен жеңген болатын.

Армия орталық спорт клубының футболистері ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында жаттығып жүргенін айта кеткен жөн. Құрамында 25 ойыншы бар команданы футболдан еңбек сіңірген жаттықтырушы Қошқарбаев Нұрбол Мергенбайұлы басқарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама