Жаңалықтар

05 мамыр, 2018

Қарағандының мектеп оқушылары «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімді аралады

Отан қорғаушы күні қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығындағы 31775 әскери бөлімінің жеке құрамы қарағандылық мектеп оқушыларына «Ашық есік күндері» атты әскери-патриоттық акция ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның мақсаты жастардың ҚР Қарулы Күштерінің қатарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыру және патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Мектеп оқушылары осы іс-шара барысында әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен, тұрмысымен, заманауи қару-жарақ пен әскери техникамен және әскери оқ-дәрілермен танысып, сонымен қатар әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын өз көздерімен көріп қайтты. Іс-шара соңында көптеген мектеп оқушысы өз ойларымен бөлісіп, мектеп бітірген соң ҚР Қарулы Күштерінің қатарында міндетті түрде қызмет атқаратынын айтты. Балалар қазіргі заманғы әскери техника мен қару-жараққа қызығушылықпен қарады, ал офицерлер мен әскери қызметшілер олардың мүмкіншіліктері жөнінде айтып өтті. Болашақ Отан қорғаушыларымызға мерзімді әскери қызметтегі әскерилер тұратын казармалар да көрсетілді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде жуырда заңда белгіленген мерзімде мерзімді әскери қызметін өтеген әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі және қазіргі уақытта жас сарбаздарды қабылдауға дайындық жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Запасқа шығарылған жастар әскери қызметті әрқашан есте сақтайтынын, әскери қызметтен әрі қарай өмірде міндетті түрде қажет болатын білім мен шымырлыққа шыңдалғанын айтып жатты.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама