Жаңалықтар

07 мамыр, 2018

Қазақстанда ауқымды Жауынгерлік парад өтті

7 мамырда «Отар» 40-шы әскери базасында Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған Жауынгерлік парад өтті.

Жауынгерлік парад –бұл әскери парадтың жауынгерлік оқу-жаттығулар және жауынгерлік даярлық элементтерімен үйлесуі. Бұл қазақстандық армияның кәсіби ептілігін, жинақылығы мен есептоптардың әскери мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетуі. Жауынгерлік парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және 40 бірлік ұшу аппараты қатысқан болатын.

Жауынгерлік парад екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде аймақтық қорғаныс бригадалары Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдеріне жауынгерлік туды табыс етті. Туды табыс ету рәсімінен кейін дәстүр бойынша қонақтар мен көрермендер парадтың салтанатты шеруін, оның ішінде ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР ҚК ІІМ Ұлттық гвардияның, сондай-ақ аймақтық қорғаныс әскери қызметшілерінің, парадтың 19 жаяу есептобының шеруін тамашалайды.

Парадтың екінші бөлімінде заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы ұрыста қолдана отырып, барлау-әскери бөлімшелерінің шынайы тактикалық іс-қимылы көрсетілді. Жауынгерлік парадтың соңында ұшқыштар тобы «Жетісу барысы» жоғары пилотажды орындады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев парадқа қатысушыларға далалық жағдайда көрсеткен шеберлігі, атыс пен әскери ептіліктегі дәлдігі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының азаматтары қазақстандық армияның жауынгерлік қуатын, әскери қызметшілердің кәсіби жұмысы мен бөлімшелердің түрлі іс-қимылдағы жинақылығын  республикалық телеарналар мен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтының тікелей эфир арқылы тамашалай алды.

Өткен парад Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін паш етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама