Жаңалықтар

04 мамыр, 2018

Қорғаныс министрлігінде Отан Қорғаушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Отан Қорғаушы күні қарсаңында ведомства басшылығының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.

Әскери ведомстваның басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық әскери қызметшілерін кәсіби мереке – Отан Қорғаушы күнімен құттықтап, бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар мен «мерзімінен тыс» әскери атақтар табыс етті. Атап айтқанда, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР ҚК БШ Стратегиялық жоспарлау департаменті ұйымдастыру басқармасының бастығы полковник М.М. Аймашев, ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті ұйымдастыру басқармасының бастығы полковник Қ.М. Шүкенов, «Құрмет» орденімен ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінің отоларингология бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің полковнигі Б. А. Мөңкібаев наградталды, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен ҚР ҚК БШ ОКП бастығының орынбасары полковник Д.И. Косарев, 12881 әскери бөлімі материалдық қамтамасыз ету батальонының командирі подполковник З.Ш. Карачев, 11971 әскери бөлімінің мотоатқыштар ротасының командирі капитан Б.С. Ербалин, аға лейтенант Ф.Т. Манабаев марапатталды, «Ерен еңбегі үшін» медалімен орталық ансамбль бастығының орынбасары – ҚР ҚК ҰӘПО бас балетмейстері Я.Е. Чигарькова, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен Ұлттық қорғаныс университеті «Қарулы Күштердің Бас штаб академиясы» факультеті стратегия кафедрасының профессоры полковник Қ.Б. Есбергенов марапатталды.

Мерзімінен бұрын «полковник» әскери атағын алғандар - Ұлттық қорғаныс университеті командалық-штабтық факультеті әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтық қызмет кафедрасы бастығының орынбасары подполковник С.А. Балақойшиевке, 54835 әскери бөлімінің командирі подполковник М.Қ. Әділбаевқа және 61993 әскери бөлімінің командирі подполковник Б.С. Дүйсембаевқа, «подполковник» - бөлім командирінің орынбасары (авиация жөніндегі) – 29990 әскери бөлімі жауынгерлік авиацияны басқару орталығының бастығы майор Р.С. Рахметовқа, «майор» - 25744 әскери бөлімі танк батальонының командирі капитан С.Қ. Батырхановқа, «капитан» - 27943 әскери бөлімі мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Н.С. Иманғалиға, ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаменті ақпарат бөлімінің бастығы аға лейтенант Ж.О. Омароваға, ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінің кардиология бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің аға лейтенанты А.Б. Әлжановаға берілді.

Отан Қорғаушы күнін мерекелеу қарсаңында Ақордада Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев әскери қызметшілерге жоғары әскери атақтар мен мемлекеттік наградалар табыс еткенін айта кеткен жөн.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама