Жаңалықтар

13 сәуір, 2018

Астанада ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде Әскери комитеттің отырысы өтті

Әскери комитеттің төрағасы, Қорғаныс министрінің бірінш орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен Ұжымдық қауіпсіздік туралы (ҰҚШҰ) Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде ҰҚШҰ ҚМК жанында Әскери комитеттің 12-ші отырысы өтті.

Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттері қарулы күштері бас штабтарының бастықтары және ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы қатысты. Отырыс барысында 2018 жылы жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу тәртібі талқыланды, ҰҚШҰ (Ұжымдық күштерді) әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров өзінің сөз сөйлеуінде «Жауынгерлік бауырластық-2018» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығу кезеңдерін өткізу мерзімдері мен мазмұнын, тартылатын күштер мен құралдардың алдын ала құрамы, бірлескен жаттықтырулар мен оқу-жаттығуларды басшылыққа алуды ұйымдастыру туралы хабардар етті. Отырыс шеңберінде Әскери комитеттің төрағасы ҰҚШҰ-да төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасы ұсынған әскери саладағы ҰҚШҰ қызметінің басымдық бағыттарын жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттері қарулы күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша әрі қарайғы жұмыстың бағыттары айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама