Армиялық спортшылар Президенттік көпсайыстан чемпион атанды
Өскеменде жазғы Президенттік көпсайыстан жабық үй-жайларда Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Онда армиялық спортшылар көшбасшылық позицияға жайғасты.
Сайысқа барлығы еліміздің 11 қаласы мен облысынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Атлеттер жүзу (100 м.), пневматикалық винтовкадан оқ ату, спринт (60 м.) және төзімділікке жүгіру (2000 м.) сияқты төрт пән түрінен сайысқа түсті. Жарыс нәтижелері бойынша 21-23 жас аралығы тобында Артур Бальзам, 24-34 жас аралығындағы топта Әнуар Қозыбаев пен 35-39 жас аралығындағы топта аға лейтенант Максим Губарев бірінші орынды, 24-34 жас аралығындағы топта екінші орынды Шәміл Тереғұлов иеленді. Чемпионат қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы сәуірдің 11-і мен 15-і аралығында Белоруссияның Могилев қаласында көпсайыстан әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын Қазақстанның құрамасы жасақталатынын айта кету қажет.
Басқаларын қарау: Жаңалықтар
-
19.04.2018
-
17.04.2018
-
14.04.2018
-
14.04.2018