Жаңалықтар

10 сәуір, 2018

ҚР ҚМ Кадет корпусында нұсқаушылардың қызметі жетілдірілуде

ҚР Қарулы Күштері мен Америка Құрама Штаттары арасындағы әскери байланыс жоспарына сәйкес оқу орнының оқытушылар және нұсқаушылар құрамын әдіснамалық дайындау курсы бастау алды.

Әдіснамалық дайындық курсы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде американдық мамандар Кадет корпусының 16 оқытушысы мен сержантын нұсқаушылар жұмысы әдістемесіне оқытып-үйретеді. Бағдарлама бойынша сабаққа нұсқаушыны кезең-кезеңмен дайындау, көрсетілімді дайындау тәртібі, аудитория алында сөз сөйлеу ерекшеліктері (оқып-үйренушілермен вербальды және вербальды емес байланыс орнату әдістері, жестикуляция, мінез-құлық), шағын топтарда үйренушілердің жұмысын ұйымдастыру, сабақ қорытындысын шығару және т.б. секілді тақырыптар қарастырылған. Екінші кезең барысында қазақстандық және американдық сарапшылар бірлесе оны әрі қарай Кадет корпусының оқу үдерісіне енгізу үшін курстың оқыту бағдарламасын әзірлейді.

Үшінші кезеңде оқудан өткен әрбір офицер мен сержант бақылау сабағын өткізеді. Ал қалғандары оқып-үйренушілер рөлін сомдайды. «Аталмыш курс оқытушылар мен нұсқаушыларға өздерінің кәсіби қызметін жақсартуға, ал түлектерге сабақтарды өткізудің әдістемелік машығын игеруге мүмкіндік береді. Кейіннен осы оқыту бағдарламасы арқылы Кадет корпусында әрі қарай қызмет өткеру және тікелей кадеттерді оқытумен байланысты клеген барлық әскери қызметшілерді өткізу жоспарлануда», - деп атап өтті Кадет корпусының сержанты 1-сыныпты сержант Мейірбек Рақымбеков. Аяқталған соң оқуды сәтті аяқтағандар курсты тәмамдағаны туралы сертификаттарға ие болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама