Жаңалықтар

10 қаңтар, 2018

Алғашқы әскери дайындық пәнінің 160-тан аса оқытушысы оқу-әдістемелік семинарға қатысты

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті әскери кафедрасының базасында Дене шынықтыру мен спортты дамыту Атырау өңірлік орталығымен бірлесе алғша рет облыстың жалпы білім беру және орта-кәсіптік білім беру мекемелерінің алғашқы әскери дайныдық пәнінің мұғалімдерімен оқу-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты жалпы білім беру және орта-кәсіптік оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты оқыту әдістемесін жетілдіру, әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы негізгі бағыттарды қарастыру, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтарды құру мәселелерінде мұғалімдердің қызметін арттыру болды. Семинар шеңберінде оқу орындарында әскери-патриоттық клубтардың қызметінің тиімділігін арттыруға және оларды жергілікті әскери басқару органдарында тіркелуіне ерекше назар аударылды. Шара барысында семинарға қатысушылармен саптық және дене даярлықты ұйымдастыру, жалпыәскери жарғылардың ережелеріндегі негізгі өзгерістерді жеткізу бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді, сондай-ақ, оқытушылар әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен танысып, электронды тирда практикалық оқ атуларды орындады.  «Патриотизм – бұл ең алдымен, Отанға деген махаббат.  

Бастапқы әскери дайындық жастарға Отанды сүю деген оны қорғауды білдіретінің айтып беруге мүмкіндік беретін пәндердің бірі болып табылады. Біздің негізгі мақсатымыз болашақта олар табанды, ақылды және Отан қорғаушылары болуы үшін  өскелең ұрпаққа мектеп табалдырығынан бастап әскери іске сауатты түрде оқытып-үйрету болып табылады», - деді Атырау қаласы № 10 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғалымжан Ермұқашев.  Сабақ қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқу-әдістемелік жиынға қатысқандары туралы сертификаттар тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама