Жаңалықтар

10 қаңтар, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында рота командирлерімен оқу-әдістемелік жиындар өтті

Он күн бойы рота командирлерімен жауынгерлік даярлық мамандықтары бойынша сабақтар өткізілді.

Аталмыш сабақтардың жетекшілері командирлердің орынбасарлары мен әскери бөлімдер қызметтерінің бастықтары болды. Сабақтардың мақсаты теориялық сабақтарды жүйелендіру, практикалық машықтарды жетілдіру және командирлердің тәжірибе алмасуы болып табылады. Атыс, дене, арнайы дайындық, саптық даярлық және жауынгерлік шынжыртабанды және дөңгелекті машиналарды жүргізу бойынша дәрістер, көрсетілімді сабақтар барысында командирлер өздерінің білімдері мен дағдыларын пысықтады. Әскерлердің күнделікті қызметі мәселелерін зерделеу шеңберінде үйренушілер қарауылдық және ішкі қызметті атқару тәртібімен, бөлімшелерде жауынгерлік даярлықтың ұйымдастырылуы және есепке алынуымен, қару-жарақ пен әскери техниканың қызмет көрсетілуінің ұйымдастырылу регламентімен танысты.

Жиын нәтижелері бойынша 41321 әскери бөлімі байланыс ротасының командирі аға лейтенант Ерлан Толмачев, 41433 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы рота командирі аға лейтенант Азамат Бекбосынов жақсы жағынан атап өтілді. Аталмыш іс-шара жылына екі рет өткізілетінін айта кету қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама