Жаңалықтар

06 қаңтар, 2018

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер өздерінің жерлестерінен хаттар алды

Жаңа жыл қарсаңында «Сарбазға хат жаз» әскери-патриоттық акциясы шеңберінде ҚР Қарулы Күштері қатарында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызмтешілерге ыстық тілек-лебіздер жазылған 450-ден аса хат келіп түсті.

Мерзімді әскери қызметшілер туысқандары мен жерлестері жолдаған хаттарды оқыған сәтте өздерінің сезімдері мен қуаныштарын жасыра алмады. Әскери қызметшілер қызметтерін мақтан тұтты. Хаттар әскери қызметшілерге мықты рух берді. Олар балалардың суреттерін қуана-қуана қарап, пікірлер жаудырды. Ал кейбіреулері тіпті ол суреттерден өздерін және таныстарын байқап қалды. Сондай-ақ оларға жас қазақстандықтар шығарғар өлең жолдары ұнап қалды.

«Хабар-ошарды алу әрқашан қуаныш сезіміне бөлейді. Бейтаныс адамдардан болса да. Кімнің жібергені маңызды емес. Хаттың мазмұны маңызды. Менің кіші інім бар. Борышымды өтеп, үйге оралған кезде оған әскердегі сарбаздарға хат жазуға болатынын және қажет екенін айтып беремін. Бұл хаттар оларды шаттық сыйлайды», - дейді Шығыс Қазақстан облысынан шақырылған десанттық-шабуылдау әскерлері 44013 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі Виктор Цепневский.

«Бұл тосыннан болды және қуантарлық жәйт. Бізді ұмытпай хат жазған барша қауымға көп рахмет. Біз өзіміздің конституциялық міндетімізді абыроймен және лайықты түрде орындаймыз», - дейді Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Азамат Ысмайылов.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Жаңа жыл қарсаңында «Сарбазға хат жаз» әскери-патриоттық акциясы өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Бүгінде хат жазу сәнге айналмаса да мерзімді қызметтегі сарбаздар үшін хаттар оларды үйімен, достары және туған қаласымен байланыстыратын жіп болып қала береді. Бүгінде сарбазға хат жазу әскери өмірдің көңіл жібітетін парақшаларының бірі болып қалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама