Жаңалықтар

04 қаңтар, 2018

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі қылмыскерді қарусыздандырды

Жаңа жылдың алғашқы күнінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі подполковник Зәкір Қарашев бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты қарусыздандырып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Әскери қызметшінің айтуы бойынша ол қыз баланың дүниеге келуіне байланысты досының үйіне отбасымен бірге қонаққа шақырылған болатын. Мерекенің нағыз қызған кезінде есікке қоңырау соғылады. Пәтер қожайыны есікті ашып, баспалдақ алаңына шығады. Көп кешікпей пәтердегі айқай-шу естіледі. Подполковник Қарашев досының артынан шығып, оған кезелген жауынгерлік тапаншаны байқап қалады. Қауіп-қатерді ойламай офицер бейтаныс ер адамның қолынан қаруды қағып түсірді. Бірақ, қылмыскер кенеттен қалтасынан гранатаны алып шықты. Әскери қызметші оны қолымен қысып, қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілін қолданып, шабуыл жасаған адамның қолынан суық қаруды жұлып алды. Ер адам өзін агрессивті түрде ұстады. Оны полиция қызметкерлері келгенге дейін байлап тастауға тура келді. Кейіннен Алмалы АІІБ-де ұсталған адамда тапанша мен гранатадан басқа газ баллоны, бүктемелі пышақ және 200 доллар сомасында қолдан жасалған ақша болғаны анықталды. Бұдан бұрын ол ұрлық пен бұзақылық үшін ұсталған. Тінту барысында қолға түскен адам есіктен жаңылысқаны айқындалды.

«Әрине, менің бойымды үрей биледі, бірақ, өзім үшін қорыққан жоқпын. Мен отбасыларымыз үшін алаңдадым. Пәтерде әйелдеріміз бен бала-шағамыз қалды. Егер де біз шақырылмаған қонақты қарусыздандырмағанда, оларға үлкен қауіп төнер еді», - дейді подполковник Зәкір Қарашев. Бұл десантшы әскери қызметшілер арасындағы алғашқы батыл әрекет емес. Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылы ефрейтор Данияр Ешайдаров өзінің өміріне қауіп төндіре отырып, автокөліктің дөңгелегінің астынан тас жолда екі жасар баланы құтқарып қалған болатын. Ал кіші сержант Ғалымжан Әлиуханов өрт шалған пәтердің ішінен екі баланы аман-есен алып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама