Жаңалықтар

30 желтоқсан, 2017

Павлодар облысының журналистері мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан өздерінің жерлестерінің хал-жағдайларын біліп қайтты

«Ертіс» телеарнасының «Біздің Павлодарлық жерлестеріміз қалай қызмет өткеруде» әскери-патриоттық акциясы аясында  Павлодар облысының ҚІД  «Шығыс» ӨңҚ бірлесе Семей қаласында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан жерлестерімен Павлодар облысы БАҚ өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды.

Баспасөз туры барысында Павлодар облысынан шақырылған сарбаздардың БАҚ өкілдерімен кездесуі өткізілді. Журналистер қауымы үшін әскери бөлімді аралау бойынша таныстырылым экскурсиясы өткізілді. Бұл экскурсия барысында олар өз көздерімен жерлестерінің әскери борышты өткеру жағдайларымен танысты. Қонақтарға мұражай жәдігерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қару-жарақ, әскреи бөлімнің тізіміне мәңгілікке енгізілген Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың бұрышы көрсетілді. Шараға «Шығыс» ӨңҚ басшылығы, Павлодар облысының ҚІД өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлеріғ қоғам қайраткерлері мен Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша екі өңірдің БАҚ өкілдері арасында ҚР Қарулы Күштерінің тыныс-тіршілігін жариялау жөнінде ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру мәселелерінде әрі қарайғы ынтымақтастық, сондай-ақ ұдайы негізде «Шығыс» ӨңҚ әскери бөлімдеріне баспасөз турларын ұйымдастыру туралы меморандум жасалды. Сондай-ақ өткізіліп жатқан «Сарбазға хат жаз»  патриоттық акциясы шеңберінде Павлодар облысының журналистері жерлестеріне мерзімді қызметтегі сарбаздардың білім алған Павлодар қаласының жалпы білім беру  мекемелерінен Жаңа жылдық хаттар мен құттықтауларды беріп жіберді. «Біз ҚР Қорғаныс министрлігіне әскери бөлімге баруға және Керекулік жерлестеріміздің тыныс-тіршілігіне куә болуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс білдіреміз. Павлодарлық журналистердің «Шығыс» ӨңҚ әскери бөлімдеріне баспасөз турлары тұрақты түрде өтеді деп ойлаймын», - деді «Ертіс медиа» медиа-холдингісінің өкілі Мереке Амантай.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама