Жаңалықтар

30 желтоқсан, 2017

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының комиссиясы бірқатар әскери бөлімдер мен құрамаларды тексерді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрата Майкеевтің нұсқауына сәйкес ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы мамандық бойынша дайындықтың өткізілу барысын тексерді.  

Инспекция барысында комиссия мамандық бойынша дайындықтың сапасын, жеке құрамның штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін білуі, бақылау атыстарының жаттығуын орындауда және үлкен қашықтықтарда жаттығуларды орындауда әскери қызметшілердің машықтарын, жауынгерлік даярлықтың жоспарлаушы құжаттарының болуы мен пысықталуы сапасын тексерді. Мамандық бойынша дайындықты жетілдіру шеңберінде әскери бөлімдерде әскери қызметшілер лауазымдық арналуы (механик-жүргізушілер, көздеуші операторлар, оқшашаршылар, гранатаатқыштар және т.б.) бойынша оқу топтарына бөлінді. Есептоптардың (экипаждардың) толық құрамдағы оқытылуы әскер тектеріне байланысты өткізілді.  Арнайы дайындық бойынша сабақтарды өткізу үшін барлық бөлімшелерде  тәжірибелі нұсқаушы сержанттар құрамынан сабақтардың жетекшілері тағайындалды. Оқу-материалдық база, әскери техника және оқ-дәрілер бөлінді. Мамандық бойынша даярлық іс-шаралары барысында бөлімше командирлері ұрысты ұйымдастыру, атысты басқару, қарулы қалыпты ұрысқа келтіру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың өткізілу әдістемесіне оқытып-үйретіледі. «Қарулы Күштердегі мамандық бойынша тексерудің жүргізілген талдауы бөлімше – взвод буынында офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігінің жақсы деңгейін көрсетті. Жауынгерлік даярлық жөніндегі іс-шаралар нәтижелері бойынша жеке құрам әркез сайын атыс тапсырмаларын шешу әрекеттерінде өздерінің практикалық дағдыларын жетілдіруде.  Бұл практикалық оқ атулар нәтижелерінің жақсаруына ықпал етеді», - деді комиссия мүшемі ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері полковник Жанболат Тоқпанов. Мамандық бойынша дайындық 2017 жылғы 11 желтоқсанда басталғанын және 2018 жылғы 5 қаңтарда аяқталатынын айта кету қажет. Көрсетілген дайындық ҚР Қарулы Күштерінің барлық түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерімен әскери бөлімдер мен бөлімшелер командирлерінің жетекшілік етуімен өткізіледі. Практикалық сипатқа ие және негізінен жаттығу, топтық жаттығулар мен практикалық жұмысты  орындау әдісімен өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама