Жаңалықтар

29 желтоқсан, 2017

Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне жаңартылған Су-25 ұшақтары келді

Беларусь Республикасының Барановичи қаласындағы «558-авиажөндеу зауыты» кәсіпорнында жөндеу және жаңарту жүргізілгеннен кейін ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштеріне Су-25 ұшақтары келді.

Су-25 шабуылдағыштың жоғары жауынгерлік жандылығы бар, құрамдастырылған соққыларды жасай алады, бұл ретте әртүрлі межелерді және нысандарды бір уақытта зақымдаудың әртүрлі авиациялық құралдарымен жоя алады. Бұл оның жауынгерлік қуатын анағұрлым күшейтеді. Ұшудың аса жоғары емес жылдамдығымен ұштасуда нысаналар бойынша, оның ішінде, таулы және қырлы жерде дәл соққы жасауға мүмкіндік береді. Шабуылдағышқа шешілетін тапсырмалардың типіне байланысты қару-жарақты 30-дан аса түрі орнатылуы мүмкін. Ұшақ меженің тіке көрінуі кезінде күндіз және түнде ұрыс алаңында Құрлық әскерлерін тікелей қолдау, сондай-ақ кез келген метеожағдайларда тәулік бойы берілген координаталармен нысандарды жою үшін арналған.

Су-25-те әртүрлі қару-жарақ, яғни, авиазеңбірек, әртүрлі калибрдегі және мақсаттағы авиабомбалар, «әуе-жер» басқарылатын және басқарылмайтын зымырандар, «әуе-әуе» басқарылатын зымырандары қолданылады. 2018 жылдың басында күрделі жөндеуден кейін қазақстандық ӘӘК-нің құрамына осы техниканың тағы да 3 бірлігі келіп түсетінін айта кету қажет.   Әскери-әуе күштеріне жаңарту мен жөндеуден кейін жеткізілген Су-25 ұшақтарының жалпы саны Отанымыздың әуе шептерін қорғау жөніндегі тапсырмаларды толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. «Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тарапынан ұдайы көрсетіліп отырған қамқорлығының арқасында авиациялық паркіміз жыл сайын жаңа немесе жаңғыртылған авиациялық техникамен толығып отырады. Соңғы жылдары Су-30СМ ең заманауи жауынгерлік ұшақтары, жаңа Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтары сатып алынды. Бұдан бұрын қатарымыз С-295 әскери-көлік ұшақтарымен, Ми-35М тікұшақтарымен толықты. ӘӘК-нің барлық дерлік авиациялық техникасы жөнделіп, жаңартылды», - дейді бөлім командирі полковник Тимур Омаров.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама