Жаңалықтар

29 желтоқсан, 2017

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Әскери институтында курсанттардың далалық шығуы аяқталды

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында бір апта бойы 3-курс курсанттары жаяу әскердеің жауынгерлік машиналары (ЖӘЖМ) және атыс қаруының әртүрлі түрлерінен бақылау атыстарының жаттығуларын орындады.

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында Сабақтардың ұйымдастырылуының негізгі мақсаты іс жүзінде курсанттардың алған теориялық білімдерін бекіту, әскери техниканы зерделеу, үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік машықтарын арттыру, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізу кезінде олардың дағдыларын жетілдіру болып табылады. «Барлық сабақтардан кейін біз ЖӘЖМ-1, ЖӘЖМ-2, БТР-70 ұрыс машиналарын жүргізу бойынша сынақ тапсырдық. Практикалық сабақтар барысында біз бақылау атыстарын орындау, ұрыс машиналарын жүргізу, бойынша қажетті машықты меңгердік. Барлығы жақсы нәтижелер көрсетті. Бізге қойылған тапсырма орындалды», - деді 3-курс курсанты Шешхан Оразбай. Полигондағы барлық практикалық сабақтар далалық жағдайларда тыныс-тіршіліктің ерекшеліктері бойынша нұсқама өтуден, әрбір курсанттың қаруды пайдалану кезіндеқауіпсіздік шараларының талаптарын сақтаудан басталатынын айта кету қажет. «Мұндай сабақтардың өткізілуі офицерлерді дайындаудың маңызды элементі болып табылады.

Себебі, барлық шешімдерді кіші командирлер қабыладйды. Бұл оларды жауапкершілік сезімге жетелейді. Соңғы жылдары Әскери институттың Құрлық әскерлерінің иелігіне берілгеннен кейін практикалық сабақтардың саны елеулі ұлғайғанын атап өткім келеді. Далалық шығулар – бұл оның бір бөлігі ғана. Болашақ офицерлерді даярлаудағы мұндай көзқарас тиімді болып табылатынына сеніммен айта аламын. Аталмыш сабақтар болашақ офицерлерге іс жүзінде барлық қажетті машықты пысықтауға, білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР ҚК ҚӘ ӘИ материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы капитан Нұрлан Сапаров.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама