Жаңалықтар

28 желтоқсан, 2017

Қазақстандық армияның қару-жарағына жаңа авиациялық техника келіп түсті

ҚР ҚК-не Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде Су-30 СМ жаңа заманауи жоғары маневрлі жойғыштар келді.

Су-30 СМ ұшақтары «4++» санатына жатады және өзінің ұшу және тактикалық-техникалық сипаттамалары бойынша авиақұрастыру саласында әлемдік ғылыми-техникалық прогресстің шынында тұрған бесінші санаттағы ұшақтарға жақындатылды. Су-30 СМ ұшақтары үлкен қашықтықта, тәулік бойы кез келген ауа райында, қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы іс-қимыл жағдайларында жауынгерлік тапсырмалардың кең ауқымын орындауға қабілетті. Жойғыш ауада биік шыңды бағындыру, үлкен тереңдікте, оның ішінде, түнгі тәулік мезгілінде және күрделі метеорологиялық жағдайларда қарсыластың әуеайлақтарын оқшаулау, әуе, жерүсті және теңіз межелерін жою үшн арналған. Басқару жүйесінің заманауи цифрлық электр қашықтық жүйесімен, жақсартылған аэродинамикалық сызба мен тартқыш бағыттарын басқарумен үйлесуде бұл ұшақты шынымен бірегей етіп көрсетеді.

Бүгінгі таңда Су-30 СМ ұшақтарының техникалық мүмкіндіктері ұшу құрамының дайындығының жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пайдалану жылдары кезінде Су-30СМ ұшақтары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Олар ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және НАТО шеңберінде өткізілетін «Бейбіт миссия», «Өзара іс-қимыл», «Ашық аспан», «Мызғымас бауырластық», «Дала қыраны» сияқты әртүрлі халықаралық оқу-жаттығуларға қатысты. «Ұшақтардың бұл типтерінде озық технологиялар қолданылған. Оның ішінде, олар су жаңа навигациялық кешендермен жабдықталған. Ақпараттық-басқару алаңының көп функционалдық дисплейі бар. Ұшақты көтеріп жүретін заманауи қару-жарақ екі есеге ұлғайғанын айта кету қажет. Ұшақ радиолокациялық және корабльге қарсы басқарылатын зымырандарды, орташа және шағын қашықтықтағы «ауа-ауа» класындағы басқарылатын зымырандарды, жоғары дәл авиациялық бомбаларды пайдалана алады», - деп атап өтті 21751 әскери бөлімінің командирі полковник Асқар Ізбасов.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама