• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

17 ақпан, 2016

Әскери-қолданбалы жүзуден алғашқы чемпионатта суда кедергілерден өтуді пысықтады

Бүгін Қазақстанның Қарулы Күштерінде алғаш рет әскери-қолданбалы жүзуден чемпионат өтті. Ол Қорғаныс министрлігі, Бас штабының Орталық аппараты және Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері арасында өтті.

Сайысқа 200-ден аса әскери қызметші қатысты. Бірнеше сағат ішінде олар сайыстың төрт кезеңінен өтті. Жарыстың бағдарламасында бірінші әскерилендірілген эстафета болды. Әйел әскери қызметшілер толық жарақтандыруда, ерлер иықтарында автомат, қолдарында қарудың қапшығы бар ұстап тұрғыш құрылғыда малтыды. Келесі кезең барысында  әскери қызметшілер арнайы салдың көмегімен киім-кешектерді судан арғы бетіне тасыды, автоматпен барынша тереңдікке сүңгіді, жаралы жауынгерді құтқару және өткелден өткізуді орындады.

Нәтижесінде әрбір кезеңде үздік үштік, ал соңында жалпы командалық есепте жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын иегерлері мыналар болып белгіленді: Ақмола өңірлік гарнизонынан – Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері, бас басқармалар мен орталықтар арасында  Ақпараттандыру және телекоммуникациялар бас басқармасы, департаменттер арасында  Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті.

«Сайыстың аталмыш түрі әскери іс-қимылдарға жақындатылған болып саналады. Ол су бөгеті сияқты кедергілерді еңсеруде жауынгерлерді жаттықтырады, әсіресе, әскери қызметшілер үшін өте маңызды», - деп ҚР ҚМ АОСК-ның жүзуден бапкері аға сержант Дмитрий Гордиенко атап өтті.

Әскери-қолданбалы жүзу бойынша чемпионат ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің спортттық шеберлігі мен әскери-кәсіби дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізілгенін айта кеткен жөн. 

870
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН