• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жиі қойылатын сұрақтар

Сурақ
Кімдер баспанаға мұқтаж емес деп танылады?
Жауап

Соңғы бес жылда қызмет өткеріп жатқан елді мекенде тұруға жарамды баспананы иеліктен шығарса,  әскери қызметшілер баспанаға мұқтаж емес деп танылады.  Бұл жағдайда үлесті баспанадағы елу пайыздан кем үлесті иеліктен шығару ескерілмейді.

Баспанаға мұқтаж деп тану әрекеті әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне де қатысты.  

Егер некеге тұрғанға дейін әскери қызметшінің жұбайында (зайыбы) аталған елді мекенде баспанасы болса,  әскери қызметші жұбайын (зайыбын) есепке алмай баспанаға мұқтаж деп танылады.

Сурақ
Әскери қызмет өткеру орны бойынша жеке меншік құқығында баспанам болса, маған тұрғын үй төлемдері төленуі керек пе?
Жауап

Тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін әскери қызметші белгіленген тәртіпте  баспанаға мұқтаж деп танылуы тиіс. Әскери қызметшілерді баспанаға мұқтаж деп тану мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: егер

1) оларда аталған елді мекенде жеке меншік құқығында баспанасы болмаса, бұл ретте баспанадағы елу пайыздан кем үлес ескерілмейді;

2) оларда тұрақты пайдалануда аталған елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған баспанасы болмаса.

Сурақ
Тұрғын үй төлемдері қалай белгіленеді?
Жауап

Тұрғын үй төлемдерінің көлемі баспана ауданына Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде бір шаршы метр баспананың жалға алу құнын көбейту арқылы айқындалады. Баспана ауданы әскери қызметшінің өзін қоса есептегенде отбасының әр мүшесіне пайдалы ауданның он сегіз шаршы метрі есебінен айқындалады.

Сурақ
Тұрғын үй төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалана аламын?
Жауап

Тұрғын үй төлемдерін алушы жеке арнайы шотындағы ақшаны ҚР белгіленген заңнамасында тіркелген тиісті шарттар негізінде:

1) жеке меншікке, оның ішінде, төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық несиені (заемды) пайдалана отырып баспана алу,

2) әрі қарай сатып ала отырып, баспананың жалға алынуын немесе жалға алудың төлемін жүргізу;

3) бұдан бұрын алынған ипотекалық несиені (заемды) өтеу;

4) тұрғын үй құрылысындағы үлескерлікке қатысу кезінде жарналарды төлеу;  

5) түрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;

6) қызметтен босатылған адамдарды қоспағанда «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақатылымы туралы» ҚР Заңымен белгіленген тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсаты үшін талап етілмейтін тұрғын үй құрылыс жинақталымы түрінде жинақты толтыру; 

7) «Қазақстан Республкиасындағы тұрғын үй құрылыс жинақталымы туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдаланады.

Сурақ
Тіркеу куәлігінің орнына әскери билетті қалай алуға болады?
Жауап

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының  (бұдан әрі - Заң)  (2017 ж.25.06. өзгкерістер және толықтырулармен) 41-бабы 3-тармағына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылудан босатылғандар және 27 жасқа жету бойынша шақырылудан кейінге қалдырылып, әскери қызмет өткермеген азаматтар, сондай-ақ ақылы негізде Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша білім алған азаматтар аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті әскери басқару органдарымен «қатардағы жауынгер» («матрос») әскреи атағы беріліп запасқа алынады.

Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес запастағы адамдар әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес әскери қызметке жарамдылықты айқындау үшін медициналық куәландырудан өтеді.

ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы №113 бұйрығына сәйкес запастағы сарбаздарға,  сержанттарға әскери билеттер мен олардың телнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәлікті) беру мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚКО) (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы жүзеге асырылады.

27 жасқа толған, шақырылудан кейінге қалдырумен байланысты әскери қызмет өткермегендерге Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

мемлекеттік қызметтің осы стандартының 1-қосымшасына сәйкес әскери билет немесе оның телнұсқасын запастағы сарбаз, сержанттың  (әскери билеттің орнына уақытша куәлік)  беруге өтініші;

жеке басын куәландыратын құжат (біріздендіру үшін);

шақыру учаскесіне тіркеу туралы қолда бар куәліктің нұсқасын;

білім туралы құжаттың көшірмесін (түпнұсқа - салыстыра тексеру үшін);

аудандық (қалалық) шақыру комиссиясы хаттамаларының кітабынан үзінді (медициналық комиссиядан өткеннен кейін жергілікті әскери басқару органы береді);

көлемі 30х40 мм фотосурет – 2 дана (фотосурет өтініш білдірушінің жасына сай болуы және ақшыл фонда қатаң анфаста орындалуы тиіс, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің  70% алуы тиіс).  

Сурақ
ҰОС қатысушысы мәртебесі қандай құжаттар негізінде белгіленеді?
Жауап

Азаматтарды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жатқызу тәртібі мен шарттары «Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуы туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі ҚР Заңымен айқындалады. Соғысқа қатысушы мәртебесі Ұлы Отан соғысы жылдарында әрекеттегі армияға  қатысқанын растайтын көрсетілген Заңға сәйкес анықталады және анықтама мен әскери билет негізінде белгіленеді.

Сурақ
Кәдімгі әскери билетпен келісімшарт негізіндегі қызметке орналасуға бола ма?
Жауап

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 38-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес (2017 ж. 13.06. өзгерістер және толықтырулармен)  келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасатын адамдар мерзімді әскери қызмет өткеруі  немесе әскери кафедрада немесе әйелдерді қоспағанда ақылы негізде әскери-техникалық мамандарды дайындау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі тиіс.

Сурақ
«Үздіксіз әскери қызмет» дегенді қалай түсінуге болады?
Жауап

Үздіксіз әскери қызмет - бұл босатылусыз әскери қызмет кезеңі, оның ішінде, бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу жағдайларында.

Үздіксіз әскери қызмет күнтізбелік және жеңілдігі бар есептеуде саналады.  

Сурақ
Әскери зейнетақы алуға құқығым болмаса, менің қызметім жас бойынша зейнетақы алуға қалай ықпал етеді?
Жауап

Заңның 64-бабының 4-тармағына сәйкес босатылған кезде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқықтары болмаған әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдері Заңның 11-бабына сәйкесғ яғни, жалпы негізде тағайындалады

Қызмет ету кезеңі жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жалпы еңбек өтіліне кіреді.

Сурақ
Келісімшарт бойынша әскери қызметке қандай тәртіп бойынша кіруге болады?
Жауап

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (2017 ж.13.06. өзгерістер және толықтырулармен) ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабына сәйкес әскери қызметте болудың шекті жасы белгіленді:  

-сарбаздар мен кіші сержанттық құрамның әскери қызметшілері - қырық бес жас;  

-аға сержанттық құрам мен майорға дейінгі (үшінші дәрежелі капитан) офицерлік құрамның әскери қызметшілері - қырық жеті жас;

-подполковниктерге - қырық сегіз жас;

-жоғары сержанттық құрам мен полковниктерге (бірінші дәрежелі капитандарға) - елу бес жас;

Заңның 38-бабына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасатын адамдар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;

2) әскери қызметке қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттері, білім деңгейі, денсаулық жағдайы бойынша жарамды болуы; 

3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда он сегіз жастан кіші болмауы және әскери қызметте олардың шекті жасқа жетуі быть не моложе восемнадцати лет, за исключением курсантов, кадетов, и не позднее достижения ими предельного возраста состояния на воинской службе:

келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш түсетіндер немесе сарбаздар (матростар) және кіші сержанттық құрамға тағайындалуға - он бес жыл;

кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың лауазымына тағайындалу үшін - он жыл;

аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның лауазымына - бес жыл;  

4) мерзімді әскери қызмет өткеру немесе әскери кафедрада оқудан өтуге не әйелдерді қоспағанда ақылы негізде әскери-техникалық мамандарды дайындау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуге.

Көрсетілген талаптарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге сай болған жағдайда  азамат медициналық куәландырудан өту, дене даярлығы бойынша нормативтер, психологиялық тестілеу және нормативтік-құқықтық актілерді білу мен жауынгерлік даярлық мәселелері бойынша тест тапсыруды қажет ететін іріктеу іс-шараларына қатыса алады. Іріктеу шараларына қатысу үшін кандидатқа тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініп, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасуға ниеті туралы өтініші беріп, қажетті құжаттарды жинауы қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама