• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаналықтар

23 тамыз, 2019

Әскери оқу орынның бірінші курс курсанттары «танктің астына жату» жаттығуын орындады

Алматыда Құрлық әскерлері әскери институты оқу-жаттығу орталығының базасында бірінші курс курсанттары жалпы әскери даярлықтан өтуде.

Болашақ офицерлер үшін бұл беріктік пен өзін-өзі ұстай білуді тексеру түрі. «Танк астына жату» психологиялық беріктігін қалыптастырып, сонымен қатар кез-келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындау мүмкіндігін қалыптастырады. Бұл өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға шешім қабылдағандар үшін маңызды қасиет.

Бір ай бойы болашақ офицерлер әскери істің қыр-сырын меңгерді: әскери жарғыларды, инженерлік және алғашқы медициналық даярлық негіздерін зерделеді, автоматтан атуды үйренді, толық жабдықта қарумен жаяу марш жасады, жалпы әскери пәндер бойынша бақылау кешенді сабақтарын оқыды. Жалпы әскери даярлық курстары әрі қарай оқуға бейімдеп, тәртіпке, дене даярлығы мен саптық ептіліктің қалыптасуына әсер етеді.

Осыдан кейін курсанттар ант қабылдап, Құрлық әскерлері әскери институтында оқуды бастайды. 

Ескерту: Құрлық әскерлерінің әскери институты – қазақстандық үш әскери жоғары оқу орнының бірі, онда Қарулы Күштердің кадр офицерлерін даярлайды. Биыл институтқа Қазақстанның әр өңірінен жалпы саны 300-ге жуық жасөспірім оқуға түсті. Оқуға қабылдау кезеңдік конкурстық іріктеу жолымен жүргізілді.

380
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН