• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаналықтар

16 шілде, 2018

Талапкерлер Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар таңдауда

Еліміздің әскери ЖОО-ларында қазақстандықтар үшін жаңа әскери мамандықтар қолжетімді болып отыр. Оның ішінде, биылғы жылдан бастап Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде және ҚР Қарулы Күштерін ақпараттық технологиялар саласында мамандармен қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет «Бағдарламалау» біліктілігін бере отырып, «Киберқауіпсіздік» мамандығы ашылды. 

ҚР ҚМ Кадрлар және әскери білім департаментінде хабарлағандай, Қорғаныс министрлігінің әскери ЖОО-лары мен Кадет корпусына оқуға түсуге құжаттарды Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам берді. Олардың барлығы бөлінген 865 орынға үміттеніп отыр. Ағымдағы жылғы 20 шілдеден бастап бозбалалар төрт кезеңді қамтитын іріктеуден өту үшін оқу орындарына келе бастайды. Егер азаматтық жалпы білім беру мектептерінің түлектері алдын ала медициналық куәландыруды өздерінің өңірлерінде өтсе, кәсіби психологиялық іріктеу, дене дайындығын, түбегейлі медициналық куәландыруды оларға тікелей білім алатын ЖОО-да өтуге тура келеді. Ағымдағы жылы алғаш рет Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына «Аударма және аударманы жүргіз», «Геоақпараттық картография», «Ғарыштық кешендер желілері мен байланыс жүйелері» және «Жерүсті әскерлердегі емдеу ісі» мамандықтары бойынша қыз балаларды қабылдау жүзеге асырылады. Аталмыш іріктеу Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында өтетін болады. Оқыту аяқталған соң қыздар әскери қызметті ҚР Қарулы Күштері қатарында жалғастыратындарын айта кету қажет.  Білікті мамандардың болуының, сондай-ақ бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын түсіне отырып, Қарулы Күштер құрылған сәттен бастап әскери білім беруді дамытуға ерекше мән берілді. Нәтижесінде 26 жыл ішінде Қазақстанда Қарулы Күштердің дамуының келешегіне сай келетін әскери кадрларды дайындаудың ұлттық жүйесі құрылды. Жүйе үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз етеді және «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған бес деңгейді қамтиды. Бұл орта білім, техникалық және кәсіби, жоғары білім – бакалавриат, жоғары оқу орнынан кейінгі білім – магистратура және докторантура, сондай-ақ қосымша білім – әскери кафедралар, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.

1269
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві