• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаналықтар

25 маусым, 2018

Жас лейтенанттар еліміздің екі жоғары әскери оқу орнын бітірді

Алматы мен Ақтөбе қалаларында 287 лейтенанттың – Әуе қорғанысы күштері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын салтанатты бітіру рәсімі өтті.

 

         Бүгінде жоғары әскери оқу орындары жоғары білікті кадр офицерлерді даярлайтын негізгі оқу орны және қазақстандық армияның жауынгерлік әлеуетінің ажырамас бөлігі болып саналады. Жоғары әскери оқу орнын бітірушілер – Қарулы Күштер үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін елеулі оқиға. Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев кадр офицерлерді даярлауға ерекше назар аударып, сонымен қоса Отанды қорғауда оларға маңызды міндет жүктеп отыр. Елбасы өз сөзінде бірнеше мәрте «Офицерлер корпусы – армияның алтын қоры, олар Қазақстанның әскери қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратын нығайтушы негіз» деп атап көрсетті.

         Бітірушілер арасында 40-тан астам оқу үздігі бар. Олардың көпшілігі институтты алтын медальмен аяқтап, «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төс белгісімен бірге дипломдарын алып, жауынгерлік даярлық пен әскери міндетті үлгілі атқарған үздік көрсеткіштері үшін ІІ дәрежелі жаңа «Ел қорғаны» ведомствалық медаліне лайықты деп танылды.

         Салтанатты жиылыс барысында ҚР Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери оқу орындардың басшылығы, бітірушілердің ата-аналары, туыстары, жергілікті атқарушы органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шара бітірушілердің Жауынгерлік тумен қоштасуымен және жас лейтенанттардың дәстүрлі вальс биімен аяқталды.

         «Армия әскери істің, тактикалық шеберліктің, жауынгерлік іс-қимыл жүргізу өнерінің негіздерін үйретті. Армия – әр азамат өтуге тиісті есею мектебі. Барлық оқыту кезеңінде біз әскери-әуе күштерінің авиациялық бөлімдерінде мықты даярлық пен жауынгерлік тәжірибеден өтіп, авиациялық техниканы пайдаланып ұшу және техникалық тұрғыда пайдалану дағдыларын іс жүзінде үйрендік», - деп Әуе қорғанысы күштері әскери институтының лейтенанты Дархан Шәукебай атап өтті.

 

1368
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН