Жаналықтар

09 қараша, 2017

Қорғаныс министрлігінде әскери-ғылыми конференция өтті

ҚР ҚК Бас штабы бастығының жетекшілігімен Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштердің басшылық құрамымен өтіп жатқан оқу-әдістемелік жиын шеңберінде «Шетел мемлекеттері қарулы күштерінің құрылысы мен дамуындағы негізгі үрдістер, заманауи әскери қақтығыстардың сипаты мен мазмұнының өзгеруі» тақырыбы бойынша әскери-ғылыми конференция өткізілді.

08 қараша, 2017

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары алғашқы ұшуларын орындады

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында екінші курс курсанттарының өздігінен ұшулары басталды. Онда майдандық және армиялық авиацияның болашақ ұшқыштары, жерүсті қызметтерінің мамандары білім алуда. Екінші курстың жиырмадан курсанты Ми-8МТ оқу-жауынгерлік тікұшағында өздігінен ұшуды орындады.

07 қараша, 2017

Ұлттық қорғаныс университетінің базасында семинар-тренинг өтті

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен «Қазақстан жолы: Мәңгілік ел» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылар құрамына арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

02 қараша, 2017

ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінде кәсіби біліктілікті арттыру курстары ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында құқық қорғау органдары басшыларының Президент резервісінде тұрған қызметкерлерге арналған кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылуы өтті.

27 қазан, 2017

Қазақстандық армияның әскери қызметшілері бітімгерлік операцияларда итальяндықтардың тәжірибесін зерделеуде

2017 жылға арналған Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстволарының әскери ынтымақтастығының жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары алдында ҚР-дағы Италияның әскери атташесі полковник Андреа Натале «Бітімгершілік операциялардағы итальяндық тәжірибе» тақырыбында дәріс оқыды.

24 қазан, 2017

Әскери кафедрада бірінші курс студенттері үшін ашық есік күндері өтті

Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында бірінші курс студенттері үшін ашық есік күндері өтті.

23 қазан, 2017

Пәкістан Ислам Республикасының делегациясы Ұлттық қорғаныс университетіне барды

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Пәкістан Ислам Республикасы стратегиялық зерттеулер және талдау институтының директоры көш бастаған Пәкістанның әскери делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

11 қазан, 2017

Ұлттық қорғаныс университетінде АӨІҚСШ құрылуының 25 жылдығына арналған халықаралық семинар өтуде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары (АӨІҚСШ) кеңесінің әскери-саяси өлшемінде ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде практикалық жұмыстың басталуы туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі халықаралық семинар өткізуде.

09 қазан, 2017

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының 4-курс курсанттары практикалық сабақтарды пысықтады

Алматы облысының «Іле» оқу-жаттығу полигонының базасында практикалық дайындық бағдарламасы шеңберінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институты 4-курс курсанттарының екі апталық далалық шығуы өтті.

06 қазан, 2017

Ұлттық қорғаныс университетінде профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілікті арттыру курсы өтуде

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында әскери оқу орындары, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курсы өтуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама