• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаналықтар

25 мамыр, 2018

Барлық «Жас ұлан» республикалық мектебінде соңғы қоңырау соғылды

Бүгін барлық «Жас ұлан» республикалық мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шаралар өтті.

Биыл Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы мектеп қабырғасын алты жүзге жуық тәрбиеленуші бітірді. Дәстүрге сай бұл іс-шара мектеп тәрбиеленушілерінің алаңда салтанатты сапқа тұруымен, оқу орнының туын алып шығу рәсімінен басталды. Салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері, Ұлы Отан соғысының және ҚР Қарулы Күштердің ардагерлері, тәрбиешілер, мұғалімдер мен бітірушілердің ата-аналары қатысты.

Армия генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі, оқу үздігі Сарман Алан өзінің сөйлеген сөзінде барлық тәрбиеленушінің атынан ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығына көрсеткен қамқорлығы үшін алғысын білдіріп, болашақта жасұландықтардың ар-намысы мен қадыр-қасиетіне нұқсан келмеуі үшін бар күш-жігерін аямай еңбектенетіндеріне сендірді.

  «Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік және шет тілдерін, күшейтілген әскери тәртіп пен дене даярлығын тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беру оқу орны екенін айта кеткен жөн. Оқушылар мектеп пәндерімен тең дәрежеде нақты әскери тәртіпті, жалпы әскери жарғыларды, саптық даярлықты және басқа да пәндерді меңгереді. Ағымдағы жылы бітірушілердің 90 пайызы еліміздегі жоғары әскери оқу орындарына түсуді жоспарлауда.

1327
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама