• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаналықтар

15 қараша, 2017

ҚР Қарулы Күштері сержанттар құрамының 2017 оқу жылындағы қызмет қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қарулы Күштердің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын шеңберінде ҚР ҚК Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің VI отырысы өтті.

Отырыс ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов, Қарулы Күштердің бас сержанты – ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер сержант Темірбек Халықовтың жетекшілік етуімен өтті. Іс-шара барысында түрлер мен әскер тектері, Қарулы Күштер бас басқармалары, өңірлік қолбасшылықтардың сержанттарымен күн тәртібі, жауынгерлік даярлық, әскери тәртіпті ұстап тұруды орындау, сондай-ақ қызметтік жұмысты жоспарлау мәселелерінде сержанттардың жұмысын егжей-тегжейлендіруге бағытталған оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Одан басқа, кеңес отырысында Қарулы Күштері сержанттар құрамының қызмет қорытындысы шығарылды. Сержанттарды даярлау нәтижелері мен жауынгерлік дайындықтың қорытындысы, сержанттар мен сарбаздар арасындағы әскери тәртіптің жай-күйі, кадрлық жұмыстың қорытындысы жасалды. Отырыс қорытындысы бойынша генерал-майор Әділбек Алдабергенов сержанттарға Қорғаныс министрлігі мен Бас штабы басшылығының талаптарын жеткізіп, жаңа 2018 оқу жылына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«2018 оқу жылына арналған «Ұлы Дала әскері – Мәңгілік Ел тірегі» атты Қарулы Күштердің ұранын ескере отырып, сержанттарға жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сабақтарды сапалы өткізуге, сеніп тапсырылған бөлімшеде әскери тәртіптің жоғары деңгейін ұстап тұруға, күн тәртібінің сақталуына қажетті бақылауды жүзеге асыруға және ішкі тәртіпті сақтауға қабілетті кәсіби сержант бейнесін қалыптастыруға күш-жігер салу қажет», - деді генерал.

ҚР ҚК Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің VI отырысының төрағасы шебер сержант Темірбек Халықовтың айтуынша, бір жыл ішінде бірнеше көрсеткіштер бойынша Қарулы Күштер түрі, өңірлік қолбасшылық, әскер тегі мен әскери бөлімдердің әрбір сержантының жұмысы бағаланды. Бұл сержанттар мен сарбаздарды дайындау сапасы, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сержанттар құрамымен жасақталу деңгейі және өзге де мәселелер.

Жалпы қызметтік жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің сержанттар құрамы үздік деп танылды.

1135
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама