• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Ережелер мен нұсқаулар

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына (бұдан әрі - ӘОО) ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін айқындайды.
  2. Білім алушыларды ауыстыру және ӘОО-ға қайта қабылдау мәселелері қабылдаушы ӘОО Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті (бұдан әрі - БҒД) бастығының өкімі бойынша жазғы немесе қысқы каникулдық демалыс кезеңінде жеке баянаттар негізінде қаралады.
  3. Білім алушыларды ӘОО-ға ауыстыру және қайта қабылдау кезінде транскрипте немесе білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін академиялық анықтамада (бұдан әрі - академиялық анықтама немесе транскрипт) көрсетілген пәндер және қабылдаушы ӘОО-ның оқу жұмыс жоспары арасындағы академиялық айырмашылық айқындалады.
  4. Пәндердің мазмұны мен көлемі сәйкес келген жағдайда оқу пәнінің қайта реквизиті ретінде айқындалған басқа оқу пәнімен немесе мазмұны бойынша аралас оқу пәндеріне блогымен қайта сынақ тапсыруға жол беріледі.
  5. Меңгерілген кретиттерді (сағаттарды), қайта сынақ тапсыру сондай-ақ оқу курсы білім беру бағдарламаларын салыстыру, меңгерілген пәндер тізімінің мазмұны, олардың көлемі, алынған білімдері, дағдылары, машықтары мен құзыреттілігі, сондай-ақ оқыту нәтижелері негізінде белгіленеді.

Оқу пәндерінің меңгерілген сағаттары бойынша қайта сынақ тапсыру қорытынды бақылау нысандарындағы және оқыту технологияларындағы айырмашылық ескерілмейді.

  1. Оқу жұмыс жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы ағымдағы академиялық кезең ішінде өз бетінше пәндерді үйренеді, аралық бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсатнама алады.
  2. Академиялық айырмашылық академиялық берешек болып саналады және аралық аттестаттаудың келесі кезеңі басталғанға дейін жойылады. Академиялық берешекті жоймаған білім алушы үлгермеуіне байланысты оқудан шығарылады.

Академиялық айырмашылықты жою кезінде пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған кезде қайта тапсыруға жол берілмейді, ал білім алушы академиялық үлгермеуіне байланысты ӘОО-дан шығарылады.

  1. Шетел білім беру ұйымдарынан білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде академиялық анықтама немесе транскрипт ұсынылады.

Шетел білім беру ұйымдарынан білім алушылар ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде шетелде жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған білім алуды аяқтағаны туралы құжат ұсынылады, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларымен бекітілген тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен (№ 5135 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген). 

 

  1. ӘОО-дарға ауыстыру тәртібі

 

  1. ӘОО-дарға білім алушыларды ауыстыру бір мамандықтан басқасына сол ӘОО ішінде, бір ӘОО-дан басқасына, басқа білім беру ұйымынан (бұдан әрі – оқу орны) әскери кафедрада білім алушыларды жүзеге асырылады.
  2. Білім алушыларды ауыстыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) білім алушыларды оқып жатқан оқу орны немесе ӘОО-ның басшылығының атына ауысу туралы ауысуды түсіндіру құжаттарының қосымшасымен баянат (өтініш) береді;

2) Оқу орны немесе ӘОО-ның басшылығынан ауысуға жазбаша келісімді алған кезде, академиялық анықтама орнына баянат немесе транскриптімен және мінездемемен БҒД-не жолданады;

3) БҒД он күн жұмыс ағымында ұсынылған құжаттар негізінде ӘОО-на білім алушыларды ауыстыру немесе ауысуды қабыл алмау туралы шешім қабылдайды, оң шешім қабылданған кезде жұмыс күннің үш күнде білім алушының ауысып жатқан ӘОО-на құжаттар жолданады; 

4) білім алушы бұрын оқыған оқу орны немесе ӘОО-ның басшылығы БҒД-нен оң шешім алғаннан кейін жеті жұмыс күн ағымында «ауысуына байланысты оқудан шығарылды» формулярымен білім алушының оқудан шығарылғаны туралы бұйрық шығарады және үш жұмыс күн ағымында бұйрық шыққан күннен бастап нұсқамамен жолданады, жеке іс қабылдайтын ӘОО-ның мекенжайына жолдайды; 

5) қабылдайтын ӘОО-ның басшысы білім алушының келген күні бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.

  1. ӘОО-дарына қайта қабылдау тәртібі

 

  1. ӘОО-дарына білім алушыларды қайта қабылдау егер олармен бұрын кемінде бір семестрді табысты аяқтаса тиісті білім беру деңгейі бойынша жүзеге асырылады.
  2. Оқуға азаматтарды қайта қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) азамат еркін нысанда БҒД-нің басшысының атына таңдалған ӘОО атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Қайта қабылдау туралы өтінішке 2006 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызметті өткеру қағидасының 21-тармағына сәйкес құжаттар, академиялық анықтама немесе транскрипт қоса беріледі;      

2) БҒД он жұмыс күн ағымында ұсынылған құжаттар негізінде ӘОО-на білім алушыны ауыстыру немесе ауысуды қабыл алмау туралы шешім қабылдайды, оң шешім қабылданған кезде үш жұмыс күнде азаматпен ауысып жатқан ӘОО-на құжаттары жолданады; 

3) ӘОО үш жұмыс күн ағымында БҒД-нен шешім қабылданғаннан кейін академиялық ерекшелікті, мамандықты және оқу курсын анықтайды және академиялық ерекшеліктің бары туралы БҒД-ін хабардар етеді;

4) БҒД он жұмыс күн ағымында азаматқа қабылданған шешім туралы хабарлайды, азамат ӘОО-на оған айқындалған мерзімде жеке куәліктің түпнұсқасымен, академиялық анықтамамен немесе транскриптімен келеді;

5) ӘОО-ның басшылығы құжаттардың түпнұсқасын тексергеннен кейін оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН