Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 650 Қаулысы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілсін.
- «Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы № 381 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 161-құжат).
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ 650 қаулысымен
бекітілген
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасының азаматтарын жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 1 және 14-баптарына сәйкес әзірленді.
- Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытудың мақсаты халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингент даярлау болып табылады.
- Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі іс-шараларды бақылауды жергілікті әскери басқару органдары арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасында азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуға мыналар тартылады:
- он алты жастан бастап қоса алғанда алпыс жасқа дейінгі ерлер;
- сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамдарының балалары жоқ немесе балалары он жастан асқан, он сегіз жастан бастап қоса алғанда қырық бес жасқа дейінгі әйелдер.
- Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуға 25 оқу сағаты бөлінеді.
- Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бойынша сабақтар өткізуге арналған оқыту пункттері азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша құрылады.
2. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы
Р/с № |
Тақырыптың атауы |
Уақыты |
Өткізу нысаны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Кіріспе |
|||
1. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Соғыс жағдайы енгізілген кезеңдегі әлемдегі әскери-саяси ахуал |
1 сағат |
Дәріс |
2. Азаматтық қорғаныс |
|||
2. |
Қазіргі заманғы зақымдау құралдары. Төтенше жағдайларда халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар. Жеке және ұжымдық қорғау құралдары |
1 сағат |
Дәріс |
3. |
Инфекциялық аурулардың негізгі топтарының және бактериологиялық (биологиялық) зақымдау ошақтарының сипаттамасы. Карантин және обсервация туралы түсінік |
1 сағат |
Дәріс |
4. |
Жаралану, жарақаттану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету. Таңудың, қан кетуді тоқтатудың құралдары мен тәсілдері |
2 сағат |
Практикалық сабақ |
5. |
Жеке қорғау құралдары. Олардың жіктелуі |
2 сағат |
Практикалық сабақ |
3. Тактикалық даярлық |
|||
6. |
Жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру негіздері. Ұрыста оқ ату. Оқ ату жүйесі |
1 сағат |
Дәріс |
7. |
Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылдары. Сарбаз шабуылда |
1 сағат |
Дәріс |
8. |
Сарбаз қорғаныста. Бөлімше қорғаныста |
1 сағат |
Дәріс |
4. Оқ ату даярлығы |
|||
9. |
Атыс қаруының материалдық бөлігі (АК, ПМ, РПГ). Автоматты (оқшашарды) бөлшектеу және жинау |
2 сағат |
Практикалық сабақ |
10. |
Жарықшақты қол гранаталарының материалдық бөлігі |
1 сағат |
Практикалық сабақ |
11. |
Атыстың негіздері мен қағидалары |
1 сағат |
Дәріс |
12. |
Жылжымайтын нысаналар бойынша орнынан оқ ату |
4 сағат |
Практикалық сабақ |
5. Инженерлік даярлық |
|||
13. |
Бекіністі инженерлік жабдықтау және бүркемелеу |
1 сағат |
Дәріс |
14. |
Автоматтан, оқшашардан және гранататқыштан атуға арналған жеке және екі адамдық окоптарды жабдықтау |
2 сағат |
Практикалық сабақ |
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары |
|||
15. |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары туралы түсінік. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жалпыәскери жарғылардың мәні. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері |
1 сағат |
Дәріс |
16. |
Әскери атақтар, айырым белгілері. Ротаның тәуліктік нарядының тағайындалуы, құрамы және қару-жарағы. Тәуліктік нарядтың міндеттері |
1 сағат |
Дәріс |
7. Әскери топография |
|||
17. |
Жергілікті жерлерде картасыз бағдар алу және азимут бойынша жылжу |
2 сағат |
Практикалық сабақ |
|
Барлығы: |
25 сағат |
|