Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштеріндегі әскери қызмет туралы үздік музыкалық шығармаға арналған «Мен әскерде болғанда» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өткізілетін әскери қызмет туралы үздік музыкалық шығармаға арналған байқау (бұдан әрі - байқау) келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- қазақстандық жауынгерлердің қызметі туралы азаматтардың көзқарасын қалыптастыру және кеңейту;
- әскери қызмет туралы оңтайлы көзқарас қалыптастыру;
- әскери қызметтің маңыздылығына қоғам назарын аударту;
- Қорғаныс күштері, әскери қызмет пен әскери дәстүрдегі тың өзгерістер туралы жұртшылықты кеңінен ақпараттындыру;
- армия қызметінің мәртебесін арттыру;
- байқауға қатысушылардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау, шығармашылық әлеуетін ашу, қабілетін дамыту және өзін-өзі көрсету тәжірибесін арттыру;
- талантты жастарды іздеу, анықтау және қолдау, олардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау.
- жастардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру, эстетикалық және рухани тәрбиеге баулу.
1.2. Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
1.3. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға теңдей жағдай жасап, байқау өткізуде толық жариялылықты және Байқау нәтижелерін ресми хабарлау мерзіміне дейін оның құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
2.1.Байқауға жас әскери қызметшілер, жедел қызметтегі жауынгерлер, қазақстандық армия қатарында борышын өтеген, әскерден келген кез-келген ҚР азаматтары қатыса алады.
2.2.Байқауға қатысу үшін әуесқой және кәсіби шығармашылық ұжымдары мен 18 және одан жоғары жас шамасындағы жекелеген орындаушылар шақырылады.
2.3. Байқауға қатысу үшін қажет:
- №1 Қосымшаға сәйкес қатысушының анкета-сұранымы;
- әннің mp3 үлгісіндегі аудиожазбасы;
- қатысушының немесе топтың көркемсуреті.
2.4. Байқау сұранымдары konkursasker2015@mail.ru. электронды поштасына қабылданады. 2.5. Әнге қойылатын талаптар:
- әннің мәтіні мен әуені ҚР Қарулы күштеріндегі әскери қызмет тақырыбына арналып, тұтастай жағымды көңіл-күй ұялатуы тиіс;
- ән отансүйгіштік сезімді оятып, автор мен орындаушының еркіне орай мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс;
- бір шығарманың орындалу ұзақтығы – төрт минуттан аспауы керек;
- байқауға бұрын орындалған әндер қабылданбайды.
2.6. Байқау жұмыстары 2015 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады.
2.7. Байқау жұмыстары Байқау мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі тиіс. Байқау талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстар мүлдем қарастырылмайды.
2.8. Сұраным қатысушылар тізіміне қосуға қажетті құжат болып есептелінеді. Сұранымсыз жұмыстары Байқауға қатысуға жіберілмейді.
2.9. Байқауға жіберілетін жұмыста қолданылмау тиіс: жарнама атаулары мен ескертпелер (логотиптер, брендтер), мемлекетке және конституцияға қарсы мәндегі ұрандар, пікірлер; оғаш, озбыр, жікке бөлетін сөздер; адамның немесе жекелеген ұлттық топтағы адамдардың абыройын төмендететін ақпарат.
2.10. Байқау құжаттары сондай-ақ келесі мекен-жайда қабылданады:Астана қ, Иманбаев к-сі 5в, «Шаңырак-2» бизнес орталығы, 5 қабат, 10 кеңсе («New Media Marketing» ЖШС).
3.1. Жеңімпаздарды анықтау құрамына кәсіби музыканттар, әскери саланың өкілдері кіретін байқау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.
3.2. Байқау жеңімпазына (гран-при иегеріне) ерекше сыйлық тағайындалады. Яғни әскери қызмет туралы үздік музыкалық шығармаға музыкалық бейнеклип түсіріледі.
3.3. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде ескеріледі:
- орындау техникасы;
- мәтін ерекшелігі (мағынасы, тілге орамы және т.б.);
- орындалуының жалпы қабылдануы;
- музыкалық шығарманың берілген тақырыпқа сәйкестігі.
3.4. Байқауға жіберілген материалдарға пікір білдірілмейді және қайтарылмайды. Ұйымдастырушы Байқау мақсаты мен талаптарына сай жіберілген жұмыстарды өз керегінше пайдалануға құқылы. Қатысушылар үшінші тараптың авторлық құқығын бұзған жағдайда Байқау ұйымдастырушылары жауапқа тартылмайды.
3.5. Байқау төрешілерінің шешіміне шағым қабылданбайды. Авторлар байқауға қатысқан шығармаларды авторлық келісім-шарт негізінде ұйымдастырушының пайдалануына береді.
3.6. Ұйымдастырушы комитеті Байқауды өткізу бағдарламасына өзгерістер енгізуге құқылы.
4.1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатты түрде өткізіледі.
4.2. Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау жеңімпаздарына шараны өткізу күні мен орны қосымша хабарланады.
5.1. Байқауды өткізу талаптары туралы қосымша ақпаратты төмендегі телефоннан біле аласыздар: 8 (7172) 277 831.