• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

НҚА жобалары

18 қазан, 2019

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы.

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту,
    оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы
    17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 114524 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мамандандырылған ұйымдарда оқыту үшін соттылығы бар әскерге шақырылушылар, әскери міндеттілер жіберілмейді.».

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми түрде жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

 

генерал-майор                                                                 Н. Ермекбаев

Басқаларын қарау: НҚА жобалары

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН