• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

НҚА жобалары

12 қазан, 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
  2. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің «    »  жылғы
№   қаулысымен
бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

  1. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру ережесінде:

5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.

  1. «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 3-4, 16-құжат).

Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидасы қаулымен бекітілген:

  • тармақта:
  • тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ағымдағы тұрғын үй төлемдері –Заңның 101-2-бабының 7 және
10-тармақтарында көзделген жағдайларда оларға ағымдағы тұрғын үй төлемдері жүзеге асырылатын әскери қызметшілерді қоспағанда, тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күнінен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;»;

5) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда толықтырылсын:

«Жеке арнайы шот – алушылар тұрғын үй төлемдерін аудару және Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін олардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банк шоты»;»;

8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және оны алушылар Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.»;

9 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқаға пайдалана алмайды.»;

12 тармақта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда:

«12. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін әскери қызметшілер тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат береді.»;

4) тармақтың екінші бөлігінің алып тасталсын;

32 тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;

34 тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;

35 тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;

36 тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;

41 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда толықтырылсын:

«Тұрғын үй төлемдері мемлекеттік мекеме

«Жилищные выплаты производятся государственным учреждением в месячный срок со дня утверждения списков получателей текущих и (или) единовременных жилищных выплат и расчетов.»;

Көрсетілген қаулыға 2 қосымша:

Біржолғы тұрғын үй төлемдерінің есебінде:

7 графасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Біржолғы тұрғын үй төлемін есептеу кезеңі (айлар, күндер)»;

көрсетілген ережеге 8 қосымша:

жол:

«

Тұрғын үй комиссиясының 20___жылғы «____» _____№______хаттамасымен 20__ жылғы «____»_бастап  тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

»

алынып тасталсын;

көрсетілген ережеге 8 қосымша:

жол:

«

Тұрғын үй комиссиясының 20___жылғы «____» _____№______хаттамасымен 20__ жылғы «____»_бастап  тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

алынып тасталсын;

көрсетiлген өкiмге 10 қосымшада жаңа редакцияда

көрсетілген Ережеге № 10 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 5-6-7, 20-құжат):

Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы өкімінде:

4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ақшалай өтемақының мөлшері оның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес республика бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің құнын, бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасын шегергенде, алушының өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына көбейту жолымен айқындалады.

Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақшалай өтемақы алушылардың отбасы мүшелері Заңның 101-10-бабына сәйкес әскери қызметтен босатылуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен шығарылған күні айқындалады.»;

6 тармақтың 4) тармақша алынып тасталсын;

9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты ашу Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысының 47 және 48 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады».

  1. «Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
    2 наурыздағы № 95 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж.,
    № 11, 45-құжат.) келесі толықтырулармен өзгерістер:

Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесі көрсетілген қаулымен бекітілген:

1 тарауында «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі»:

1) бөлімінде мынадай редакцияда жазылсын:

«

1)  Нұр-Сұлтан қ.

Ақмола

№ 13 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы, Қырқыншы станциясы

Жабық

68665

Ақмола

№ 16 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

»;

3) бөлімінде  «Алматы облысы»:

жолы:

«

Қапшағай

№ 2 әскери қалашық, Жетіген кенті

Жабық

65229

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

Жетіген

№ 2 әскери қалашық, Жетіген кенті

Жабық

65229

»;

жолы:

«

Қапшағай

№ 1 әскери қалашық, Шеңгелді ауылы

Оқшауланған

86621

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

Шеңгелді

№ 1 әскери қалашық, Шеңгелді ауылы

Оқшауланған

86621

»;

5) бөлімінде «Жамбыл облысы»:

жолы:

«

Тараз

№ 2 әскери қалашық, Королев ауылы

Оқшауланған

28349

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

Тараз

№ 2 әскери қалашық, Жібек жолы ауылы

Оқшауланған

28349

»;

8) бөлімі  мынадай редакцияда жазылсын:

«

8) Түркістан облысы

Арыс

№ 2 әскери қалашық, Арыс қаласы

Оқшауланған

44859

Шымкент

№ 7 әскери қалашық, Сарыағаш ауданы, Жібек Жолы кенті

 

Оқшауланған

32039

   »;

9) бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«

9) Шымкент қ.

Шымкент

№ 11 әскери қалашық, Шымкент қаласы

Жабық

35748

»;

2 тарауында. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті»:

жолы:

«

 

№ 0023 мекеме, Астана қаласы, Алматы ауданы, Интернациональный тұрғын алабы

Оқшауланған

61329 «З»

 

№ 52 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы

Жабық

9824

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 0023 мекеме, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Интернациональный тұрғын алабы

Оқшауланған

61329 «З»

 

№ 52 әскери қалашық, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы

Жабық

9824

   »;

строку:

«

 

№ 43 әскери қалашық,

Астана қаласы

Жабық

2456

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 43 әскери қалашық,

Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

2456

   »;

1) бөлімінде «Шекара қызметiнің орталық бағыныстағы әскери бөлiмдері»:

жолы:

«

 

№ 14 әскери қалашық, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы

Жабық

2026

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 14 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы

Жабық

2026

   »;

3) бөлімше «Шекара қызметінiң «Оңтүстік» өңiрлiк басқармасы»:

жолы:

«

 

№ 8 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласы

Жабық

2020

 

№ 12 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

Жабық

2024

 

№ 24 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті

Жабық

2037

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 8 әскери қалашық, Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы

Жабық

2020

 

№ 12 әскери қалашық, Шымкент қаласы

Жабық

2024

 

№ 24 әскери қалашық, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті

Жабық

2037

 »;

жолы:

«

 

№ 28 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Леңгір кенті

Жабық

2041

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 28 әскери қалашық, Түркістан облысы, Толе би ауданы, Леңгір қаласы

Жабық

2041

»;

3 бөлімінде. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы»:

1) бөлімшесінде  «Оңтүстік» өңiрлiк қолбасшылығы»:

жолы:

«

 

№ 14 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шахтатоғыс кенті

Жабық

6698

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 14 әскери қалашық, Түркістан облысы, Шахтатоғыс кенті

Жабық

6698

»

 

2) бөлімде «Орталық» өңiрлiк қолбасшылығы:

жолы:

«

 

№ 37 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

6636

 

№ 38 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

6636

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 37 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

6636

 

№ 38 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

6636

 »;

5) бөлімде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлiмдері:

жолы:

«

 

№ 60 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

5573

 

№ 61 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

3660

 

№ 62 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

3660

 

№ 63 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

3660

 

№ 64 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

3656

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 60 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

5573

 

№ 61 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

3660

 

№ 62 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

3660

 

№ 63 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

3660

 

№ 64 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

3656

 »;

  1. «Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 96 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 11, 46-құжат) келесі толықтырулармен өзгерістер:

Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесі көрсетілген үкімет каулысымен:

1 тарауда. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі»:

7) бөлімше тақырыбы «Қарағанды облысы» мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қарағанды облысы»;

8) бөлімше тақырыбы «Маңғыстау облысы» мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Маңғыстау облысы»;

1) бөлімше « Астана қ.» мынадай редакцияда жазылсын:

«

1) Нұр-Сұлтан қ.

Ақмола

№ 13 әскери қалашық, г. Нұр-Сұлтан қаласы, Қырқыншы станциясы

 

Жабық

68665

 

 

Ақмола

 

 

№ 16 әскери қалашық,

г. Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

Жабық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

   »;

9) бөлімше «Оңтүстік Қазақстан облысы» мынадай редакцияда жазылсын:

«

8) Түркістан обласы

Арыс

№ 2 әскери қалашық, Арыс қаласы

Оқшауланған

44859

Шымкент

№ 7 әскери қалашық, Сарыағаш ауданы, Жібек Жолы ауылы

 

Оқшауланған

32039

   »;

9) бөлімшемен мынадай редакцияда толықтырылсын:

«

9)  Шымкент қ.

Шымкент

№ 11 әскери қалашық, Шымкент қаласы

Жабық

35748

»;

2 тарауында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті»:

жолы:

«

 

№ 0023 мекеме, Астана қаласы, Алматы ауданы, Интернациональный тұрғын алабы

Жабық

61329 «З»

 

№ 52 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы

Жабық

9824

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 0023 мекеме, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Интернациональный тұрғын алабы

Жабық

61329 «З»

 

№ 52 әскери қалашық, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы

Жабық

9824

   »;

жолы:

«

 

№ 43 әскери қалашық, Астана қаласы

 

Жабық

2456

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 43 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

 

Жабық

2456

   »;

1) бөлімше «Шекара қызметiнің орталық бағыныстағы әскери бөлiмдері»:

жолы:

«

 

№ 14 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы

 

Жабық

2026

   »

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 14 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы,  Сарыарқа ауданы

 

Жабық

2026

   »;

3) бөлімше Шекара қызметінiң «Оңтүстік» өңiрлiк басқармасы:

жолдары:

«

 

№ 8 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласы

Жабық

2020

 

№ 12 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

Жабық

2024

 

№ 24 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті

Жабық

2037

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 8 әскери қалашық, Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы

Жабық

2020

 

№ 12 әскери қалашық, Шымкент қаласы

Жабық

2024

 

№ 24 әскери қалашық,  Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті

Жабық

2037

 »;

жолы:

«

 

№ 28 әскери қалашық, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Леңгір кенті

Жабық

2041

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 28 әскери қалашық, Түркістан облысы, Толе би ауданы, Леңгір қаласы

Жабық

2041

»;

3 тарауында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы»:

5) бөлімшесінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлiмдері»:

жолы:

«

 

№ 60 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

5573

 

№ 63 әскери қалашық, Астана қаласы

Жабық

3660

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

№ 60 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

5573

 

№ 63 әскери қалашық, Нұр-Сұлтан қаласы

Жабық

3660

»;

 

Қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына  

20  жылғы  «  » 

 №

 

Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына
10-қосымша

Тұрғын үй төлемдері туралы

ШАРТ

Бұдан әрі «банк» деп аталатын, ______________ негізінде әрекет ететін ____________________банкінің атынан_______________________, бұдан әрі «мемлекеттік мекеме» деп аталатын, ___________________негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің атынан_________________________ және бұдан әрі «алушы» деп аталатын, _______жылғы «___» ______________берген  №_______ жеке куәліктің негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің алушысы ______________ бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «__»______ №___ қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары негізінде төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:

  1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  2. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) тұрғын үй төлемдері – қызметтік тұрғынжай беру орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдерін алушыларға арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;

2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге ай сайынғы негізде, сондай-ақ Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;

3) біржолғы тұрғын үй төлемдері – Заңның 101-2-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер.

  1. Шарттың нысанасы

2.1. Банк алушы анықтаманы (Қағидалардың 8 және 9-қосымшалары), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін алушыға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан алушылардың тұрғын үй төлемдерін алуы үшін теңгеде дербес арнайы ағымдағы банк шотын (бұдан әрі – шот) ашады.

2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері ретінде көзделген ақшаны банкте ашылған алушының шотына аударады.

2.3. Алушы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.

2.4. Банк алушының шотындағы тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.

2.5. Шотты ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес банк, мемлекеттік мекеме және алушы жүзеге асырады.

  1. Шотты жүргізу

3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз төлем арқылы түсетін теңгедегі тұрғын үй төлемдерін шотқа аударады;

2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымдарын жүзеге асырады;

3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;

4) алушының жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ алушыға шоттағы ақша қалдығы туралы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтамалар береді;

5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтаруды жүргізеді.

Банк шот бойынша осы тармақта көрсетілмеген операцияларды жүргізбейді.

3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.

3.3. Шотты ашу, қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияларды осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындарын қоспағанда, төлеу күні қолданылатын Банк тарифтеріне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы алушы дербес төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындары мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемдерін аударуға міндеттенеді.

4.2. Мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтаруға құқылы.

4.3. Алушы:

1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға;

2) отбасы құрамы өзгерген кезде ол туралы азаматтық хал актілері тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемені хабардар етуге;

3) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алумен тұрғынжайды жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде ол туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемеге хабарлауға;

4) шоттан ақша алушымен шарт бұзылған жағдайда мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

4.4. Алушы:

1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын жинақтауға;

2) әскери қызмет өткеретін орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін олардың мақсаты бойынша пайдалануға;

3) мемлекеттік мекеме мен банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын осы шартқа қосымша келісім жасасу арқылы бір банктен басқасына аударуға құқылы.

4.5. Банк алушының операциялары бойынша құпиялылыққа кепілдік береді.

4.6. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес алушы банкке алушының қосымша келісімінсіз (акцептсіз) мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны есептен шығаруға құқық береді.

4.7. Алушы өз деректемелерінің (төлқұжат деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке жолданған құжаттарда қамтылған басқа да мәліметтер) өзгеруі туралы олар өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей банкке жазбаша хабарлауға міндеттенеді.

  1. Есеп айырысу тәртібі

5.1. Тұрғын үй төлемдеріне арналған шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы өзі ашады және оған дербес қызмет көрсетіледі.

  1. Дауларды шешу тәртібі

6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.

6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге қол жеткізбеген кезде даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

  1. Қосымша шарттар

7.1. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.

7.2. Осы шарт тек Тараптардың келісімімен ғана бұзылуы мүмкін.

7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

7.4. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей үш данада жасалды.

7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.

  1. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау

8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

8.2. Кез келген жағдайларда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекеттерімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залалдың мөлшерімен шектеледі.

8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияларды даулау туралы өтінішті осындай операция жүргізілген факті туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.

 

  1. Алушының, мемлекеттік мекеменің және Банктің

тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде

қателер анықталған кездегі іс-қимылдарының тәртібі

9.1. Алушы шоттағы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметтер алған кезде төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының болмауын анықтап, мемлекеттік мекеменің басшысына тиісті мәліметтер алу үшін және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателер (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) анықтағаны туралы және оған барлық уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен өзіне қатысты үзінділерді беру туралы жазбаша өтініш жолдайды.

9.2. Мемлекеттік мекеме қателер анықтаған немесе тұрғын үй төлемдерінің сомасын аудару кезінде жол берілген қателер анықталғаны туралы алушының жазбаша өтінішін алған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзетеді. Тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемдерін алған алушының оның шотынан қате аударылған сомаларды есептен шығаруға келіскені туралы өтініші қоса беріледі.

9.3. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын қайтаруға өтініште мыналар көрсетіледі: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қатеге жол берілген төлем құжаттарының  деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, оның қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтері) қол қоюға және мөрмен расталуға тиіс.

9.4. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға өтініші келіп түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:

1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсу фактісін тексереді;

2) расталған қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсімдері бойынша қайтарудың болмауы фактісін тексереді;

3) бенефициардың, оның шотына қате аударылған ақшаны банктің есептен шығаруына келісімінің бар болуын тексереді;

4) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерді негіздеумен оны қайтару мүмкін емес екені туралы хабарлайды.

9.5. Мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қатеге жол берген жағдайда банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы кейіннен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің кассасына қалпына келтіреді.

Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны алушы төленетін күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес төлейді.

9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.

  1. Әртүрлі

10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

10.2. Шартқа сәйкес Шарт шот жабылғанға дейін жарамды.

10.3. Шотты жабу Тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.

10.4. Алушы банктің мемлекеттік мекемеге шот нөмірі, шот бойынша ақшаның қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және шартта көзделген тәртіппен және талаптар бойынша өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.

  1. Шартты өзгерту тәртібі

11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.

  1. Форс-мажор

12.1. Егер орындамау болжанбайтын жағдайлар, атап айтқанда: осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи құбылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылдары салдарынан болса, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

  1. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері

 

Мемлекеттік мекеме:

_________________________

(толық атауы)

_________________________

(мекенжайы)
_________________________

(телефоны)
_________________________

(Т.А.Ә.)
_________________________

(қолы)
_________________________

20__жылғы«___»__________

_________________________

М.О. ____________________

Банк:

_________________________

(толық атауы)
_________________________

(мекенжайы)
_________________________

(телефоны)
_________________________

(Т.А.Ә.)
_________________________

(қолы)
_________________________

20__жылғы «___»_________
_________________________

М.О._____________________

 

Алушы :
________________________

(Т.А.Ә.) (толық)
________________________

________________________

(мекенжайы)
________________________

________________________

(телефоны)
________________________

(қолы)
________________________

20__жылғы «___»_______

________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітілген файлдар:

Басқаларын қарау: НҚА жобалары

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН