• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

НҚА жобалары

12 қазан, 2019

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса
    беріледі):

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының                       5-бабына сәйкес әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі):

Келісімді іске асыру тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте 047 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар:

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі:

Хаттаманың мақсаты барлау ақпаратымен алмасудың міндеттемелерін, шарттары мен тәртібін айқындау болып табылады.

  1. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер:

Жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы:

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарт жобасын одан әрі ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат:

Хаттама ратификациялауға жатпайды.

  1. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі:

Рұқсат етіледі.

  1. Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны):

Қаулы жобасы 2019 жылғы_____ ________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ
2019 жылғы _____ ________ ашық нормативтік құқықтық актілердің порталында орналастырылды (файл көлемі ___ Кб).

  1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат:

         Хаттама тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты мәселелерді қозғамайды, сондай-ақ әлеуметтік мәні жоқ.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі:

Сәйкес келеді.

Одан басқа, жобада жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері көзделмеген. Осыған байланысты, жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуды және (немесе) ұлғайтуды растайтын есептерді қамтымайды.

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі                              Н. Ермекбаев

 

2019 жылғы «_____» __________

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2019 жылғы ____ _____ қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама

Бұдан әрі «Тарап» немесе «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі 2018 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) ережелерін басшылыққа ала отырып, екі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі барлаудың ролін және әскери барлау саласындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құру қажеттілігін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Мақсаты

Осы Хаттаманың мақсаты 4-бапта айқындалған ынтымақтастық салаларындағы барлау ақпаратымен алмасудың міндеттемелерін, шарттары мен тәртібін айқындау болып табылады.

2-бап

Анықтамалар

  1. Барлау ақпараты – осы Хаттаманың мақсаттарына сәйкес берілетін жазбаша, ауызша немесе көрнекі нысандағы ақпарат, сондай-ақ CD-де,
    DVD-де, фильмдерде, фотосуреттерде, слайдтарда қамтылған, электрондық түрдегі және т.б. ақпарат.
  2. Әскери персонал – осы Хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын
    іс-шараларға қатысатын персонал.

3-бап

Уәкілетті органдар

  1. Осы Хаттаманы iске асыру жөніндегі уәкiлеттi органдар мыналар:

Қазақстан Республикасының Үкіметінен: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

Түркия Республикасының Үкіметінен: Түркия Республикасының Бас штабы болып табылады.

  1. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар ол туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

4-бап

Ынтымақтастық салалары

Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады:

1) өзекті тақырыптар бойынша барлау ақпаратымен және сараптамалық бағалаулармен өзара алмасу;

2) Тараптардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін өңірлердегі (мемлекеттегі) әскери-саяси жағдайдың дамуын мониторингтеу;

3) Тараптардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін халықаралық террористік және басқа да ұйымдарға қатысты ақпаратпен өзара алмасу.

5-бап

Барлау ақпаратымен алмасу тәсілдері

  1. Барлау ақпаратымен алмасу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

1) әскери персоналдың кездесулері;

2) дипломатиялық арналар арқылы.

  1. Уәкілетті органдар әскери персоналының кездесулері жыл сайын ротациялық негізде Қазақстан Республикасында және Түркия Республикасында өткізіледі. Кездесулер барысында:

а. Егер қосымша адамдар талап етілмесе, делегация құрамына төрт адамға дейін кіреді;

б. Құжаттар мен келіссөздер тілі ағылшын тілі болып табылады. Келіссөздер, егер бұл қажет болса, аудармашы арқылы жүргізілуі мүмкін;

с. Келесi келiссөздер күні келісіледі.

  1. Кездесулер барысында берілетін ақпарат іс-шараға дейін алдын ала айқындалады және ақпаратпен алмасу кездесулер барысында жүзеге асырылады.
  2. Барлау ақпаратымен алмасу және сұрау салулар Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Әскери атташе және Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Әскери атташе аппараттары арқылы жүзеге асырылады.
  3. Тараптар олардың ақпараттық сұрау салуларына жауаптарды үш ай ішінде (90 күн), қажет болған жағдайда мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде жолдайды.
  4. Тараптардың біреуінің ұлттық егемендiгі мен қауiпсiздiгiне қатер төнген немесе оның ұлттық/халықаралық мүдделерiне қайшы келген жағдайда барлау ақпаратын беруден бас тартылуы мүмкiн.
  5. Алмасуға жататын кез келген барлау ақпараты жазбаша нысанда жолданады. Ақпаратқа байланысты CD, DVD, фильмдер, фотосуреттер, слайдтар, электрондық құжаттар және т.б. құжатқа қоса беріледі.

6-бап

Барлау ақпаратының қауіпсіздігі

  1. Тараптар 2018 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім негізінде құпия ақпаратпен алмасады.
  2. Алынған ақпарат ақпаратты ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа берілмейді.
  3. Алмасуға жататын құжаттарда, егер ерекшеліктері туралы алдын ала уағдаластық болмаса, ақпаратты ұсынған Тарапты көрсететін қандай да бір қолтаңба немесе белгі болмауға тиіс.
  4. Егер Тараптардың бірі басқа Тараптан алынған ақпаратқа қатысты қатерді байқаса немесе үшінші мекемелерге немесе адамдарға ақпарат жария етілген жағдайда ол бұл туралы басқа Тарапты дереу хабардар етуге тиіс.
  5. Осы бап осы Хаттаманың қолданысы тоқтатылғаннан кейін күшінде қалады.

7-бап

Басқа да мәселелер

Осы Хаттамада көзделмеген басқа да мәселелер Келісім ережелеріне сәйкес реттеледі.

8-бап

Дауларды реттеу

Осы Хаттаманың ережелерін қолдануға және (немесе) түсіндіруге қатысты даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

9-бап

Өзгерістер мен толықтырулар

Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Хаттаманың 10-бабында көзделген тәртіппен күшіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

10-бап

Күшіне енуі, қолданы мерзім мен тоқтату

  1. Осы Хаттама белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
  2. Кез келген Тарап осы Хаттаманың қолданысын кез келген уақытта басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарламаны жолдау арқылы тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Хаттама осындай хабарламаны алған күннен бастап 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін қолданысын тоқтатады.
  3. Осы Хаттаманың қолданысын тоқтату іске асырылатын бағдарламалар мен іс-шараларға ықпал етпейді.

 

20__ жылғы «__» _________ __________ қаласында қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.

Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

 

Қазақстан Республикасының              Түркия Республикасының

Үкіметі үшін                                           Үкіметі үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқаларын қарау: НҚА жобалары

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН