• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

НҚА жобалары

12 қазан, 2019

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих пен музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих пен музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих пен музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

О подписании Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики Казахстан о сотрудничестве в области военных архивов, военной истории и музееведения, и военных публикаций

Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

  1. Одобрить прилагаемый проект Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики Казахстан
    о сотрудничестве в области военных архивов, военной истории и музееведения, и военных публикаций.
  2. Уполномочить Министра обороны Республики Казахстан
    Ермекбаева Нурлана Байузаковича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Протокол между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики Казахстан о сотрудничестве в области военных архивов, военной истории и музееведения, и военных публикаций, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
  3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр

Республики Казахстан                                                                  А. Мамин

 

  

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  А.Ұ. Маминге

 

 

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих пен музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса
    беріледі):

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының                       5-бабына сәйкес әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі):

Келісімді іске асыру тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте 047 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар:

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі:

Хаттаманың мақсаты әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласында ынтымақтастықты орнату болып табылады.

  1. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер:

Жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы:

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарт жобасын одан әрі ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат:

Хаттама ратификациялауға жатпайды.

  1. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі:

Рұқсат етіледі.

  1. Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны):

Қаулы жобасы 2019 жылғы_____ ________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ
2019 жылғы  _____ ________ ашық нормативтік құқықтық актілердің порталында орналастырылды (файл көлемі ___ Кб).

  1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат:

         Хаттама тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты мәселелерді қозғамайды, сондай-ақ әлеуметтік мәні жоқ.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі:

Сәйкес келеді.

Одан басқа, жобада жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері көзделмеген. Осыған байланысты, жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуды және (немесе) ұлғайтуды растайтын есептерді қамтымайды.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі                                        Н. Ермекбаев

 

2019 жылғы «_____» __________ 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2019 жылғы ____ _____ қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих пен музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама

 

Бұдан әрі «Тарап» немесе «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі, 2018 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) назарға ала отырып, достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және әскери архивтер, әскери тарих, музейтану мен әскери жарияланымдар саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Мақсаты

Осы Хаттаманың мақсаты Тараптар арасында әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласында ынтымақтастық орнату болып табылады.

2-бап

Анықтамалар

Осы Хаттамада пайдаланылатын анықтамалардың мынадай мағынасы бар:

  • әскери архивтер – Тараптар қарулы күштерінің музей қорлары мен объектілерінде сақталатын тіркелген әскери тарих құжаттары;
  • әскери тарих – жазба көздері, архивтік құжаттар, көрнекі құжаттар (суреттер, мәтіндер және т.б.) және басқа да музей материалдары негізінде Тараптар қарулы күштерінің тарихи дамуын, сондай-ақ оларға байланысты мәселелер және бейбіт немесе соғыс уақытындағы оқиғаларды зерделеу жөніндегі үздіксіз қызмет;
  • музейтану – Тараптар қарулы күштерінің өткен сонымен қатар қазіргі уақытта тарихи және техникалық дамуын бейнелейтін музей;
  • әскери жарияланымдар – әскери тарих саласындағы тарихи кітаптар, әскери журналдар, мақалалар мен басқа да жұмыстар.

3-бап

Уәкілетті органдар

  1. Осы Келiсiмдi iске асыру жөніндегі уәкiлеттi органдар:

         Қазақстан Республикасының Үкіметінен: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

         Түркия Республикасының Үкіметінен: Түркия Республикасының Бас штабы болып табылады.

  1. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар ол туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

4-бап

Ынтымақтастық салалары

Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай салаларда жүзеге асырылады:

  1. Әскери тарих бойынша зерттеулер:

1) жалпы тарих элементтерін айқындау және әскери тарихты растайтын архивтік топтама құжаттарын және басқа да көздерді пайдалана отырып, бірлескен жұмыстарды дайындау;

2) тарихи ғылыми журналдарда жалпы тарих бойынша мақалаларды, баяндамаларды, монографиялар мен өмірбаяндарды өзара жария ету;

3) әскери тарих саласындағы ақпаратпен, инновациялармен және зерттеулермен алмасу;

4) әскери тарих жөніндегі жұмыстар мен зерттеулерге объективті ұстанымға ықпал ететін тарихи жерлерді өзара зерделеу.

  1. Әскери архивтер мен ақпарат:

1) әскери тарих саласында электрондық немесе баспа жеткізгіштерде архивтік құжаттармен, аудиовизуалды архивтермен, ақпаратпен, кітапханалық басылымдармен және тәжірибе алмасу;

2) әскери архивтер бойынша сарапшылардың бірлескен жұмыстары;

3) әскери архивтер бойынша өзара сапарлар мен мәдени іс-шаралар;

4) әскери архивтерге және басқа да аралас салаларға байланысты курстар, конференциялар мен басқа да іс-шаралар өткізу;

5) аралас салалардағы және бірлескен зерттеулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл/ынтымақтастық;

6) мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

7) әскери архивтер туралы ақпаратпен, жарияланымдармен және құжаттармен өзара алмасу.

  1. Әскери музейлер:

1) жұмыстарды сатып алу, реставрациялау және археологиялық жұмыстар саласында сарапшылармен алмасу;

2) экспонаттаудың және жұмыстарды сақтаудың қазіргі заманғы тәсілдері саласындағы ынтымақтастық;

3) әскери музейлердің музейтану саласында тәжірибе алмасу және аралас іс-шараларға өзара қатысу;

4) әскери музейлер сарапшылары мен мамандарының ынтымақтастығы;

5) жалпы тарих бойынша жобаларды әзірлеу және іске асыру (оның ішінде атаулы күндер мерейтойлары мен оқиғаларды).

5-бап
Тарихи зерттеулер жүргізу әдістері

  1. Тараптар әскери музейлерді басқару, реставрациялау және сатып алу бойынша мамандандырылған персоналды оқытады.
  2. Тараптар мынадай қызмет түрлері арқылы тарихи зерттеулерді жүргізеді:

1) Тараптардың жалпы тарихы бойынша ақпаратпен, құжаттармен, жарияланымдармен және тәжірибе алмасу;

2) құжаттарды жариялау және көрмелер ұйымдастыру;

3) конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру;

4) олар бойынша Тарап уағдаласқан соғыстар, жанжалдар мен әскери компаниялар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;

5) тарихи оқиғалар болған жерлерде зерделеу;

5) осы Хаттама шеңберінде зерттеулер мен ізденістер жүргізу.

6-бап

Ортақ қағидаттар

  1. Әскери музейлерге, тарихи жерлерге және архивтерге бару тиісті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Тараптардың ортақ тарихымен немесе бір Тараптың тарихымен байланысты құжаттарға микрофильмдер шығару және жаңғыру Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7-бап

Қаржы мәселелері

Егер өзгеше келісілмесе, Тараптар осы Хаттаманы іске асыру жөніндегі шығыстарды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес дербес көтередi.

8-бап

Басқа да мәселелер

Осы Хаттамада көзделмеген басқа да мәселелер Келісімнің ережелеріне сәйкес реттеледі.

9-бап

Дауларды реттеу

Осы Хаттаманы қолдануға және (немесе) түсіндіруге қатысты даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

10-бап

Түзетулер мен толықтырулар

Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Хаттаманың 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

11-бап

Күшіне енуі, қолданыс мерзімі мен тоқтату

  1. Осы Хаттама белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар бойынша алыған күннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
  2. Кез келген Тарап осы хаттаманың қолданысын кез келген уақытта басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша өзінің ниеті туралы хабарлама жолдау арқылы тоқтата алады. Бұндай жағдайда осы Хаттама осындай хабарламаны алған күннен бастап 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін қолданысын тоқтатады.
  3. Осы Хаттаманың қолданысын тоқтату іске асырылатын бағдарламалар мен іс-шараларға ықпал етпейді.

 

20__ жылғы «__» _________ __________ қаласында қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.

Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

 

 

Қазақстан Республикасының   Үкіметі үшін                       Түркия Республикасының Үкіметі үшін                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқаларын қарау: НҚА жобалары

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН