• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

НҚА жобалары

27 қыркүйек, 2019

"Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы.

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген,
    2017 жылғы 29 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық тегін және ақылы негізде жүзеге асырылады. Ақылы негізде оқыту құнын ЖОО    белгілейді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін негізде оқуға конкурс шарттарынан өткен әскери кафедралары бар ЖОО студенттері, ал ақылы негізде оқу үшін осылайша конкурс шарттарынан өткен, әскери кафедраға бөлінген орындар санына сәйкес комиссия ұсыным берген студенттер жіберіледі.

Ақылы негізде оқу үшін ЖОО басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан, әскери кафедралары жоқ басқа да ЖОО-лардың студенттерін тарта алады.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери кафедраларда студенттерді дайындауға жыл сайынғы  қажеттілігі есебін ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше жүргізеді және білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге қабылдау жылының  1 ақпанына дейін жібереді.»;  

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8.  Қабылдау жоспарын жыл сайын әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше ЖОО-лардың өтінімдері негізінде әскери кафедраларда студенттерді дайындаудың жыл сайынғы қажеттілігіне, тиісті әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери кафедралар оқу-материалдық базаларының бейіні мен  мүмкіндігіне сәйкес әзірлейді.

Қабылдау жоспарын жасау кезінде бөлінген орындарды білім алушылардың саны айқындалған әскери-есептік мамандық бойынша  кемінде бір оқу взводын құруға мүмкіндік беретін мәнге дейін жеткізу мақсатында бөлуге жол беріледі.».

мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

«8-1. Қабылдау жоспарын Қазақстан Республикасының  Қорғаныс министрі ҚР ҚК Бас штабы бастығының жұмылдыру жұмыстарына жетекшілік ететін орынбасарымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарымен келісілгеннен кейін бекітеді және әскери кафедралар басшыларының мекенжайына қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін жіберіледі.

«8-2. Қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды осы Қағидалардың 8-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді және бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде әскери кафедралар басшыларының мекенжайына жіберіледі.».

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «9. Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу жыл сайын іріктеу комиссиясы конкурс негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес жүргізеді.

Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауды іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.

Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілгенҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және Әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту;

екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

төртінші кезең – ҚР ҚМ-мен келісу бойынша ЖОО басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік бал есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.»;

мынадай мазұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Іріктеу комиссиясының  жұмысы  ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес жазғы сессия ақталғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей  басталады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімі бойынша іріктеу комиссиясы  жұмысының басталуы өзгертілуі мүмкін.»;

мынадай мазмұнда 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Әскери кафедралар іріктеу комиссиясының жұмыс істеу мерзімдері және құрамы жөніндегі ұсыныстарды ҚР ҚМ-ға қабылдау жылының
15 сәуірінен кешіктірмей жолдайды.»

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Медициналық куәландырудан өту үшін студенттер әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру картасын алады. Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскри басқару органдарында қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жүргізіледі. Студенттер медициналық куәландыру картасын іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін
10 жұмыс күнінен кешіктірмей әскери кафедраға қайтарады.

Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.».

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    • осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    • мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде
      осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
      іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 генерал-майор                                                           Н. Ермекбаев

Басқаларын қарау: НҚА жобалары

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН