• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

НҚА жобалары

04 маусым, 2019

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қарулы Күштерде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін ақша қаражатын жоспарлау осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жасалған Қарулы Күштерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспары және  Азық-түлік қызметінің техникасымен және мүлкімен қамтамасыз ету жоспары (бұдан әрі – Қамтамасыз ету жоспарлары) негізінде әскери басқару органдарының барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қамтамасыз ету жоспарларын жасау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған әскери басқару органдары азық-түлік қызметтерінің лауазымды адамдары ағымдағы жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей азық-түлікпен қамтамасыз ету басқармасына құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің азық-түлік қызметтері ұсынатын жылдық есеп-өтінімдерде негізгі және қосымша үлестерді тәуліктік берудің қажетті мөлшеріне өтінім жолдайды.»;

11-тармақтың 1) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«жабдықталушылар үшін ЖТР сатып алу жолымен;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қарулы Күштердегі жабдықталушылар азық-түлік үлестерінің құнын есептеу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштер жабдықталушыларының азық-түлік үлестері құнының есебі пайдаланылады.»;

14-тармақ алып тасталсын;

18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету Жабдықтау нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

21-тармақтың бірінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін тамақтандыруды қамтамасыз ету тиісті кезеңге арналып бөлінген бюджет қаражаты лимиттері шегінде Жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамаларының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің асханаларында тамақтандыруды ұйымдастырудың мынадай тәсілдерімен жүзеге асырылады:»;

75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75. «Жас ұлан» республикалық мектептерінде оқу жоспарына, мектеп бастығының бекітілген күн тәртібіне сәйкес және тәрбиеленушілердің ниеттерін ескере отырып, төрт рет немесе бес рет тамақтану ұйымдастырылады.»;

83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«83. Нанды турау, қантты, майды мөлшерлеу және оларды беру үшін осы асханада тамақтанушылар есебінен:

500-ге дейін – 1 адам;

501-ден 1000-ға дейін – 2 адам;

1000-нан астам – 3 адам нан тураушы бөлінеді.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және       2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіп орнына жолдауды;
  • осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  • мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

генерал-майор                                Н. Ермекбаев

Бекітілген файлдар:

Басқаларын қарау: НҚА жобалары

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН