• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Бұйрықтар

19 тамыз, 2019

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 шілдесі № 552 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
    2018 жылғы 8 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16469 болып тіркелген, 2018 жылғы
    19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 генерал-майор                                  Н. Ермекбаев

Басқаларын қарау: Бұйрықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН